Сайт Өрлеу

Айтылым дағдысын дамытатын жаттығулар туралы

Айтылым дағдысын дамытатын жаттығулар туралы

Г.Жанзакова
«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
Павлодар қаласы, Қазақстан

gulmira-z-zh@mail.ru

Аннотация: В статье автор делится возможными способами адаптации упражнений для развития речевой деятельности на курсах по обучению английскому языку. Грамотное использование методик позволит обучающимся преодолеть языковой барьер и научит пользоваться языком в различных ситуациях и, самое главное правильно расставленные приоритеты научат их самостоятельно продолжать  изучение языка.

Ключевые слова: коммуникативная методика, ролевые игры, подходы, интерес, уровень, языковой барьер, речевые упражнения.

Abstract: In the article the author describes possible ways of adapting the exercises for development of speech activities for courses on learning English. Proper use of techniques will allow students to overcome the language barrier and learn to use the language in different situations and, most importantly, the correctly setting priorities teach them to continue learning the language on their own.

Key words: communicative approach, role-playing, attitudes, interest level, language barrier, speech exercises.

Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының ақырғы талаптарына сәйкес еліміздің білім беру мекемелері жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін осы  пәндердің мұғалімдерін ағылшын тілін оқытатын арнайы курстарға жіберуде. Осы орайда, «Өрлеу» БАҰО АҚ  қойылған мақсатты көздей отырып педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бағдарлама құрастырып курстар ұйымдастыруда. Соның қатарында 480 сағат көлеміндегі «Пәнді ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістерін меңгеру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс пен қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің физика, химия, биология, информатика мұғалімдеріне 640 сағат көлеміндегі «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбындағы курсты өткізуде. Бұл мақалада курстарды өткізу барысында кезіккен қиыншылықтарды жеңу жолдарын табу үшін тапсырмаларды бейімдеу тәсілдерімен бөліскіміз келеді.

Курс тыңдаушыларының басым бөлігі тәжірибелі мұғалімдер болғандықтан олардың ішінде жастар жағы аздау, сондықтан бұрыннан істеп келе жатқан мұғалімдердің ағылшын тілін оқығандардан оқымағандары көп деп те айтуға болады. Бірінші қиыншылық бұл — тыңдаушылар білімінің әртүрлі деңгейде болуы, сондықтан болар ауызекі сөйлесуге келгенде грамматикалық тапсырмаларды орындап, айтуға келгенде үндемей қалады, ол кісілерді сөйлету үшін көп уақыт керек.

Диалог құруға арналған тапсырмалардың қандай кемшіліктері бар? Бұл жерде қазіргі барлық тіл үйрету курстарында кеңінен қолданылатын әдістердің бірі коммуникативтік әдіс туралы айта кеткеніміз жөн болар.

Коммуникативтік тәсіл келесі қағидаларға негізделген:

  1. Тілді үйрену осы тілде қарым-қатынас құрып үйренумен тең.
  2. Ең жақсы тіл үйрену әдісі ол сол тілде сөйлесу: сұхбаттасу, түрлі карточкалармен  рөлдік ойындар ойнау, ақпарат алмасу мақсатында диалог құру, қажетіне қарай жазба түрінде керегін талап ету (тапсырыс беру), кез келген жағдайда айтылып жатқан ақпаратты тыңдап түсіну (сапаржайда, әуежайда, т.б.).
  3. Тілдесу адамға қызықты болу үшін ол сөйлеушіге маңызды және тартымды болу керек (сұрақтың көптігі және өз пікірін білдіруге мімкіншілік берілуі).
  4. Айтылым мен жазылым бірінші сабақтарда кірістірілу қажет.
  5. Айтылымның шапшаңдығы оның грамматикалық тұрғыдан дұрыстығынан басымырақ болу керек (қате болса да жылдам сөйлегенде не айтарын білмей тұрғаннан гөрі жақсы болады).
  6. Үйрету needs analysis (қажеттіліктерді талдау) негізінде құрылады (сабақ алдында оқушылармен сөйлесіп немесе сауалнама өткізіп, тілді үйрену мақсатын анықтап, жұмыс тәсілдердің қай түрін ұнататынын анықтау).

Осы қағидаларға  жүгіне отырып, курстан өткен тіл үйренушілер грамматикалық-аударма әдісімен оқығандарға қарағанда анағұрлым тез сөйлеп, қарым қатынас құрып үйренеді.

Beginner және Elementary  (кейде тіпті одан да жоғары) деңгейдегі  ауызекі коммуникативтік тапсырмалардағы сұрақтар оқушының өзіне, өзінің қызығушылықтары немесе өмірінде болған жағдайларға қатысты болады. Көбінесе бұл сұрақтар жұлдыздар өмірін сипаттауға ыңғайлы, ал қарапайым адамдар бұларға  жауап беруге қиналады. Әсіресе, бұл сұрақтарға интроверт адамдар да жауап беруге қиналады. Оқулық авторлары сұрақтарды барынша жеке тұлғаға қатысты қылуға тырысады (make it personal). Әрине, адамдар өздері туралы айтуды ұнатады, бірақта кез келген адаммен емес, кез келген жағдайда емес және кез келген тақырыпқа емес!  Осы жағдайда «tell about the people you live with» (қасыңдағы адамдар туралы айтып бер) – жақын таныс емес адамдармен сөйлесуге өте ыңғайлы тақырып.

  1. A. Think about your answers to these questions.

What is good/ bad about where you live?

Who do you live with?

Do you ever have any problems with the person / people you live with? What?

Оқулықтағы тапсырмаларды бейімдеу

Өзіне қатысты сұрақтарға жауап бергілері келмеген жағдайда, біз ол жаттығуларды назардан тыс қалдыра алмаймыз, бұл мәселені шешу үшін тыңдаушыларға  «roleplay game» рөлдік ойындарын ұсынуға болады. Daily Routines қарапайым тақырыбындағы жаттығуды қарастырайық.

When do you usually …? What time do you normally…?
read newspapers go to bed
have a shower or bath get work / school
drink a champagne / beer /hot milk start work / school
visit your relatives have lunch
listen to the radio
do exercises
go to the beach

Тыңдаушылардың  көбі өздерінің қай уақытта шомылатынын, қай уақытта ас ішетінін немесе үй жұмысын орындайтындары туралы айтқылары келмейді. Бұл сұрақтардың жеке тұлғаға қатысты  болғанынан ғана  емес, бұл сұрақтарды  қоюға да, жауап беруге де қызық еместігінен.

Бұл жаттығу қызығушылық тудыруы үшін студенттерге әртүрлі рөлдерді үлестірген дұрыс болады, мысалы: танымал стилист, режиссер, автобус жүргізушісі, үй шаруасындағы көп балалы ана, космонавт, сатушы, мұғалім, дәрігер т.б. Бұл амал өте тиімді: өздері туралы айтуға қиналып отырған тыңдаушылар басқа  біреулердің атынан емін-еркін жауап беріп, күрделі сөйлем құрастыруға да барады. Неге десеңіз өзінің атынан сөйлеу мен басқа кісі болып сөйлеудің айырмашалығы үлкен. Бастапқы кезеңде кейіпкердің өмірінің әртүрлі тұстарына арнап әртүрлі карточкалар дайындау қажет (role cards).

Бұл жерде тек қана сұрақ жауап емес қызықты диалог құрастырылуы мүмкін. Бұл тапсырманың қызықтылығын арттыру үшін кейіпкердің атын айтпай, басқа тыңдаушыларға оны табу талап етілсе де болады. Рөлді орындаушылар дауыстарын өзгертіп, шаршағандықты, даңдайсығанды көрсетіп,  жеңілтек немесе керісінше салмақты сөйлесе, жаттығудың нәтижесі арта түседі.

Кейбір тапсырмаларда өткен күн, өткен апта, өткен жазғы демалыс тұралы монолог құрастырып айтып беру қажет. Бұл тақырыптар да оқушылардың қызығушылығын арттырмайды. Тағы бір айта кетерлік жағдай бұл монологтар қайталануы мүмкін, бұл да өз кезегінде тыңдаушылар мен оқытушы үшін қызықсыз сынақ. Бұл жағдайды түзету үшін тапсырманы өзгертіп, басқа біреудің атынан қорқынышты/ күлкілі әңгіме (crazy story) құрастырып айтуды талап етуге болады.

Тыңдаушылардың  белсенділігін арттыру үшін бір-біріне байланысы жоқ сөздер мен фразаларды жеке қағазға жазып оларды студенттерге алдыруға болады. Біріншіден, бұл қиялы дамымаған адамдарға көп көмегін көрсетеді, екіншіден, тіл үйренуші монолог құрастыруға күш-жігерін кетірмей сөздерді қисындап, сөйлем құрастыруға бағытталды.

Жоғарыда айтылған мақсат іске асырылған соң, үйренушілер еркін сөйлей бастаған кезде басқа әдістерді мысалы: The Silent Way- тіл үйренуші өздігінен қойылған сұрақтарға жауап табады, түрлі түсті сүреттер мен карточкалар қолданылады; Total Physical Response (TPR) — жалпы ағзаның жауабы): мысалы: «Open the door», «Sit down» ,»Give me your pencil» деген нұсқаудан кейін осы іс-әрекетті физикалық түрде орындау; Audiolingualism – студент тыңдап қайталауға жүгініп, есте сақтау қабылеті арқылы үйренеді, Task-based learning (TBL) – мәселеге негізделген тәсіл, оқушының ойлау, өздігінен жұмыс ұйымдастыру қабілеттері дамиды;    principled eclecticism — орынды эклектизм, әртүрлі әдіс тәсілдерден нәтижеге жеткізетін ең сәтті элементтерін қолдану,   lexical approach (лексикалық тәсілдеме) – сөз қорын молайту мақсатында және қажет кезінде грамматикалық-аударма тәсілін де қолданған дұрыс болып табылады.

Қорыта келе, дұрыс қойылған талаптар  мен бағдарламаның икемділігі арқылы тіл үйрету курсының нәтижелілігі артады деп сенеміз.

Қолданылған әдебиет:

  1. Шакирова, А.А. «Зарубежные гуманистические подходы к обучению иностранному языку», журнал Современные проблемы науки и образования. – 2015. — №4
  2. Nelson Brooks (1964) Language and language learning: Theory and practice (2nd), New York, Harcourt Brace
  3. Bruner, j. (1966) Toward and Theory of Instruction Cambridge, M.A.: Harvard University Press
  4. Douglas Brown (1987), Principles of language learning and teaching. Englewood Cliffs, New Jersey, Prentice Hall