Сайт Өрлеу

Қазақ тілін оқытуда 4 дағдыны қалыптастыратын медиакомпоненттердің тиімділігі

Қазақ тілін оқытуда 4 дағдыны қалыптастыратын медиакомпоненттердің тиімділігі

А. С. Нұрмұхамбетова,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
Акционерлік қоғамы филиалы
Қостанай облысы бойынша
Педагог қызметкерлердің Біліктілігін арттыру институты»
деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері,
Қостанай қ. Казақстан
қазақ тімі мен әдебиет мұғалімі,
Nurmuhambetova.akmaral@mail.ru
Тел: 8-777-643-90-23

Аннотация: В статье на практическом примере рассматривается важность применения медиакомпонента на уроках казахского языка и литературы в целях развития 4 навыков.
Ключевые слова: медиакомпонент, навыки говорения, чтения, письма, слушания, язык, современное время, использование, практическое значение и важность.
Annotation: In the article, the importance of using the media component in Kazakh language and literature lessons for the development of 4 skills is considered in a practical example.
Key words: media component, speaking skills, reading, writing, listening, language, modern time, use, practical significance and importance.

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық медиатехнология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- оқытуда түрлі медиакомпоненттерді қолдану.
Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Медиакомпонент- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға жеткізуде аса қажетті компонент. Оқытудың табысты болуы, ең алдымен, білім беру мазмұнына-пән бағдарламасының, оқулық мазмұнының дұрыс анықталуына тәуелді болса, екіншіден, сол мақсатқа жеткізетін сәйкесті әдіс-тәсілді дұрыс таңдауға байланысты. Сабақта жаңа медиатехнологияларды орынды пайдалану — білім сапасының кепілі. Мұғалім сабақта түрлі әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс — пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Білім беруді жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша медиакомпонентті пайдалану арқылы айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған жұмыс үлгілері: белгіленген уақыт ішінде күнделікті тақырыптар мен таңдау тақырыптары төңірегінде тұрмыстық және академиялық тілде еркін сөйлесу; ауызша тілдесімді түсіне білу және оны қысқаша мазмұндай білу, оны жалғастыра білу; ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай білу және оны жүйелі баяндай білу; әр түрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктерін түсіне білу және бағалай білу; — бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну. Оқылым дағдыларын дамытуға арналған жұмыс үлгілері: қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни газет-журналдар, бүгінгі таңдағы мақалалар, қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар, т.б. жұмыс жасай білу; көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқу, ақпараттарды алу үшін оқу, көркем әдеби шығармаларды оқу, автор көзқарасын табу үшін оқу.
Мультимедиа пайдаланушының ақпаратты өз ыңғайына қарай қабылдауына мүмкіндік береді. Нәтижесінде бүгінгі пайдаланушы мәселені түсіну үшін неден бастау керектігін (видео, аудио, фото, инфографика немесе мәтін) өзі шешуі мүмкін. Видео арқылы жасауға болатын мультимедиалық өнімнің түрлері: орын алған оқиғаның панарамалық көрінісі, оқиға куәгерлерінің немесе арнайы мамандардың пікірі, мәселеге қатысты тұрғындардың пікірі, мұрағаттағы видео, классикалық ТВ жаңалығы – тіл сабақтарында кеңінен пайдаланады.
Инфографика (ақпараттық графика) мәтінге қарағанда күрделі ақпаратты жылдам әрі жақсы түсіндіреді. Алайда инфографикада көркемдік емес, ақпараттық элемент басым болуы тиіс. Бір-екі абзацпен түсіндіруге болатын ақпаратты инфографикаға айналдырудың қажеті жоқ. Инфографиканың басты ұстанымы – «аз уақытта көп ақпарат жеткізу». Ақпаратты визуалды формада жеткізу оны оңай қабылдауға септігін тигізеді. Инфографика қосымша түсіндіруді қажет етпей түсінікті болатын ақпараттың барлығын қамти алуы керек. Инфографикада сонымен қатар ақпараттың дереккөзін, төменгі жағына көрсетіп қою керек.
Фотоны қалай пайдалануға болады? Оқиға туралы әңгіме, оқиғаның қалай өрбігенін баяндайтын фоторепортаж, фотоэссе, мәселенің эмоционалды қырын көрсету үшін қолданылады, оқиға өзге жерлерде қалай көрініс тапқанын көрсету үшін қолданылады. Оқиғаға қатысушылардың суреттерін көрсету, мұрағат суреттері, қарама-қайшы суретерді пайдалану.
Мұғалім мен балалар бірігіп жасалған медиакомпонентке тоқталып кетсек, нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін кәсіби мәдениетті дамытуға бағытталған оқытудың бір түрі.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе медиатехнологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе — тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық — коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Медиатехнология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық — технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», — деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа медиатехнологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан — жақты орынды қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген мультимедиа құралдары: Интерактивті тақта, мультимедия компоненттер, интернет кеңістігі, электронды оқулықтар. Медиатехнологияларды пайдалана отырып оқушыға сараланған тапсырмалар арқылы сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызуға, оқушының есте сақтау қабілетін ескере отырып зор жетістіктерге жетуге болады. Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті.
Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, осындай заманауи сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс- әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда, видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат – сабақ және т. б. кеңінен пайдалануға болады.