Сайт Өрлеу

Физика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

Физика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

Физика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

2017 жылдың маусым айының 5-ші жұлдызынан бастап №53 мектеп-лицейінің базасында Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында Физика пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы басталды. Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы  Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады.

Курс барысында зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасады, сергіту сәттері ұтымды өткізілді. Жаңа білім беру бағдарламасы(7сынып физика) сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары, құндылықтар)  үйренді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілетіні түсіндірілді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, қысқа мерізімді жоспар,орта мерізімді жоспар құрастыру барысында көз жеткізді.

Курс барысында педагогтар және жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді. Оқу мақсатына жету үшін педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын және критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйренеді және педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі. Тәжірибелік тұрғыда мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарында спиральді білім беру жүйісінің қағидаттарымен танысты. Курс соңында тыңдаушылар сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар жасалынды және қорғалды.