Сайт Өрлеу

«Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

«Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

«Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

2017 жылдың маусым айының 5-ші жұлдызынан бастап №53 мектеп-лицейінің базасында Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында информатика пәні бойынша біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы  Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады.

Курс барысында педагогтар жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді. Оқу мақсатына жету үшін педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын және критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйренеді және педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі. Тәжірибелік тұрғыда мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарында спиральді білім беру жүйісінің қағидаттарымен танысты. Курс соңында тыңдаушылар сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар жасап, қорғауға жіберіледі.

Добавить комментарий