Сайт Өрлеу

«Жүректен жүрекке» кезеңі аяқталды

«Жүректен жүрекке» кезеңі аяқталды

«Жүректен жүрекке» кезеңі аяқталды

«Өзін-өзі тану. Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» рухани-адамгершілік білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарының төртінші аптасы (тренер Даулетбаева Г.К.) сонымен бірге курстың «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі де аяқталды.

Мұғалімдер Астана қаласының №59 мектеп-лицейі мен №22 мектеп-гимназиясының  өзін-өзі тану пәні сабақтарына кіріп топ мүшелерімен бірлесіп талдады. Аталған екі мектеп АРББ «Өзін-өзі тану» пилоттық ұйымдары болып табылады.

Екінші кезеңде «Құндылықтар практикасы» бағдарламасының негізгі идеялары сыныпта тәжірибе арқылы іске асырылады. Бұл кезең екі бағытта жүзеге асырылатын болады. Бірінші бағыт – алған білімдерді сыныптағы жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту тәжірибесінде және күнделікті жеке өмірде қолдану. Екінші бағыт – «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңде алынған тапсырмалармен жұмыстарды «практика құндылықтар» кезінде орындау үшін арналған.

Мектептегі практика кезінде тыңдаушының өмірі мен оқытудағы жүзеге асырылған өзгерістері жүйелі түрде бағаланатын болады. Сонымен қатар, тыңдаушыға онлайн-форум және жеке электрондық пошта арқылы хабарласуда (асинхронды оқыту) тренерлердің арасынан куратордың қолдауы көрсетіледі.