Сайт Өрлеу

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫМЕН ЖАҢА КУРСТАР ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫМЕН ЖАҢА КУРСТАР ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫМЕН ЖАҢА КУРСТАР ЛЕГІ ЖАЛҒАСУДА

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ағымдағы жылдың 18.07-12.08 аралығында «ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы»  бойынша кезекті біліктілікті арттыру курсы жүргізілуде.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның  мақсаты – қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ұсынылып отырған БА бағдарламасы 160 академиялық сағат көлеміне есептелген.
Курс тренері – Абзалбек Л.С., үйлестіруші – Карагозина М.И.
Аталған курста Астана қаласынан 16 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері кәсіби шеберліктерін шыңдауда.
Оқу үдерісінде тыңдаушылар жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, ондағы материалдардың мазмұнын және мақсаттарын біліп қана қоймай, жаңадан меңгерген педагогикалық әдіс-тәсілдері өз іс тәжірибелерінде сынап көруге мүмкіндік алды. Критериалды бағалау жүйесінің дендей енгізілуі және дайын оқу мақсаттары туралы ақпарат  тыңдаушылар үшін айтарлықтай жаңалық болды. Десе де мұғалімдер мұндай өзгерістерге оң көзқарас танытып, жаһанданудың әсерінен болып отырған түбегейлі өзгерістерге психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын екендіктерін көрсете білді. Ықшамсабақтар көрсету кезінде өзара пікір алмасып, құрылған дескрипторлар бойынша сауатты кері байланыс беруге дағдыланды. Әр күнгі рефлексия қорытындысы арқылы олардың жаңа оқу жылына жаңа идеямен қадам басуға дайын екендіктеріне көз жеткізуге болады.
Алайда алда үлкен асу тұр. Курс аясында игерген дағдылары мен құзыреттерінің нәтижесін бағалау қорытынды тест тапсырумен анықталатын болады.

Добавить комментарий