2018 жылдың 23 ақпанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында курстар тыңдаушыларына арналып кезекті «Үш тілде оқыту – заман талабы» циклы бойынша тақырыптық ақпарат сағаты және көрме ұйымдастырылды. Шараға қазақ тілі мен әдебиет және ағылшын тілі біліктілікті көтеру курстары тыңдаушылары қатысты. Тақырып бойынша ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы Искакова А.С. тыңдаушыларға ұйымдастырылған шараның мақсаты туралы баяндап берді. Бұл іске асырылып жатқан мәдени жоба — мемлекеттік қолдау арқасында көптеген азаматтарға бірнеше тілді біліп үйренуге, оның ішінде жастар мен оқушыларға жақсы мүмкіндік береді: халықтар достастығы нығайып, шексіз білім мен ақпаратқа жол ашылады.
Курс тыңдаушылары көрмедегі оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдармен, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренетін сөздіктермен, т.б. құжаттармен танысты. Көрмеде жаңа мерзімді басылымдар ұсынылды: «Қазақ тілі – Казахский язык», «Қазақ тілі мен әдебиеті»,«Шетел тілін оқыту әдістемесі — Методика обучения иностранному языку», «Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі мектепте, колледжде және ЖОО-да», «Ағылшын тілі-бастауышта, «Английский язык в начальной школе», «Русский язык — Орыс тілі». Көрмедегі құжаттар сұранысқа ие, материалдары жаңартылып тұрады.
Ұйымдастырылған шараға 67 адам қатысты.