2017 жылдың 19 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиала Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында курс тыңдаушыларына арналып «Үш тілде оқыту – заман талабы» атты ақпарат сағаты және көрме ұйымдастырылды.
Кітапханашы А.С. Искакова тыңдаушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан тілдер саясатының қазіргі білім беру саласында маңызды орын алатыны туралы мәлімет берді.
Үштілділік – мәдени жоба. Оның басты мақсаты – көп тілді меңгерген тұлға болашақта еліміздің мәдениетінің, экономикасының тірегі болатындығында. Мемлекеттік тілді білу – парыз, орыс тілін білу – еліміздің халықтарының ортақ тілі — татулық пен достықтың кепілі, ағылшын тілін білу – шексіз білім, ғылым жетістіктеріне қол жеткізу, халықаралық білім беру кеңістігімен интеграциялану.
Шара барысында ашық көрмеге шолу жасалды, кітапханашы курс тыңдаушыларын көрмедегі оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдармен, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрену сөздіктерімен, т.б. маңызды құжаттармен таныстырды. Көрмеге жаңа мерзімді басылымдар ұсынылды: «Қазақ тілі – Казахский язык», «Қазақ тілі мен әдебиеті»,«Шетел тілін оқыту әдістемесі – Методика обучения иностранному языку», «Аылшын тілін оқыту әдістемелігі мектепте, колледжде және ЖОО-да», «Ағылшын тілі бастауышта, «Английский язык в начальной школе», «Русский язык – Орыс тілі».
Курс тыңдаушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарына арналған көрмеге қойылған басылымдар сұранысқа ие, материалдары үнемі жаңартылып тұрады.