1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық Қарттар күнін жариялады. Қарт адамдар күнін өткізудің мақсаты – жасы келген адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қоғамның демографиялық қартаю проблемасы туралы жұртшылықты хабардар ету, қарттардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктерін, олардың қоғам дамуына қосқан үлесін, қарт адамдарға қарым-қатынасты өзгерту қажеттілігін; жасы келген адамдарға еркіндік қамтамасыз етілуін, қоғам өміріне қатысуға, қажетті күтім жасауға, ішкі әлеуетін іске асыру шарттарын және олардың қадір-қасиетін қолдау.
Жыл сайын қазанның алғашқы күндері Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясы үшін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына (бұрынғы қарттар Үйі) бару дәстүрге айналды. 3 қазан күні аталған мектептің ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға Гуманитарлық колледж студенттері және «Өзін-өзі тану» РАББ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ПҚ БАИ Астана қаласы бойынша тренері Н.А.Клименко қатысты.
Шара соңында мерекелік концерт қойылды және әр зейнеткерге сыйлықтар ұсынылып, балалардың жылы сөздері жазылған хаттар берілді.