Инклюзивті білім беру қоғам талабы — қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсы аясында тыңдаушылар 21 қыркүйекте Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында өткізілген «Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға мүмкіндік алды.
Курс жетекшісі Байтұрсынова Айгүл Аманжолқызының бастамасымен аталмыш конференцияға қатысып, отандық және шетелдік инклюзивті білім беру практикасын енгізіп жүрген мамандар мен ғалымдардың, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтердің баяндамаларын тыңдап, тәжірибелерімен таныстық.
Қорытындылай келе Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің қажетті нысаны ретінде инклюзивті білім беруді барлық оқу орындарында дамыту керек.
Инклюзивті білім беру бағытында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстары жиі өткізілсе деген ойдамыз.