Өрлеу сайты

Астана: Көптілділік бүгінгі таңда білім саласынының өзекті бағыты

Астана: Көптілділік бүгінгі таңда білім саласынының өзекті бағыты

Астана: Көптілділік бүгінгі таңда білім саласынының өзекті бағыты

Көптілділік тұжырымдамасы тілдерді зерттеу мәселесін анықтаушы тәсіл болып табылады. Көптілділік бүгінгі таңда білім саласынының өзекті бағыты, өйткені тілдер бір-бірімен байланысты және өзара іс-қимыл жасағанда, барлық білім мен барлық тілдік тәжірибенің негізінде коммуникативтік құзыреттілік қалыптасады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында 2017 жылдың 14 тамызынан бастап үш тілде оқыту жағдайында жаратылыстану бағыты (физика, химия, биология, информатика) бойынша ағылшын тілін білу деңгейі кем дегенде А2 деңгейдегі жоғары сыныптарда оқытатын астаналық педагогтердің 4 айлық оқыту курсы жалғасуда. Курстың ұзақтығы 640 академиялық сағатты құрайды. Тренері: Нәлібаева Гүлжан Рысбекқызы.

Курс бағдарламасының мақсаты ағылшын тілін меңгеру деңгейін А2 деңгейінен В2 деңгейіне дейін тілдік құзыреттілік жалпыеуропалық шкаласына (Common European Framework of Reference) сәйкес жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің оқыту әдістемесін мұғалімдердің игеруі болып табылады.

Курс аясында педагогтер үлкен көлемді пәндік-тілдік материалды зерделеудің арқасында бір тілден немесе диалектіден басқа тілге еркін өтуге болатынын және өз ойларын бір тілде білдіріп, басқа тілде түсіне алу қабілеттерін көрсетті.

Мұғалімдер курс барысында білімдерін толықтыра отырып, бір тілде қолданылып жүрген сөздердің екінші тілде айтылу, жазылу формасы ғана өзгергенімен мағынасы бір екен түсініп, жазбаша, ауызша мәтіндерді оқу барысында мазмұнын еркін игеруге дағдыланды. Бұл педагогтің сөздік қорын толықтыруға, алған білім мен дағдыларды мектеп тәжірибесінде қолдануға ықпал етеді.