2017 жылдың 30 тамызы күні 24 KZ Хабар арнасынан «Бес реформа белестері» тележобасында Жаңартылған білім мазмұны не үшін қажет? – деген сауал бойынша сұхбат берілді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, филология магистрі, тренер Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы және Білім беру процесін педагогика-психологиялық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Фариза Баққалиқызы тілші сұрақтарына жауап берді.
Сұхбат барысында тренерлерге тілші тарапынан жаңартылған білім мазмұнының ескі бағдарламадан басты айырмашылығы неде? Мақсаты қандай? Жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстары кезінде туындаған мәселелер, мұғалімдердің дайындығы қандай деңгейде? және т.б. сауалдар қойылды. Өз кезегінде мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұнына көшу дәл қазіргі таңда қаншалықты маңызды деп ойлайсыз? Былтырғы оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына бірінші сынып көшкенін білеміз, осы аралықта балалардың оқу үлгерімінде не өзгерді? Жаңа жүйе тиімді ме? т.с.с. сауалдар берілді.
Сұхбат сілтемесі: http://24.kz/kz/telepoject/bes-reforma-belesteri/item/194157-bes-reforma-belesteri.