2017 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесіп 2017 жылдың 22 тамызында №71 МЛ базасында «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу контексінде сабақты жобалау» тақырыбында қала мектептерінің пән мұғалімдеріне арналған қалалық тәжірибелік семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты: ҚР жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу контексінде сабақты жобалау мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Тренингке қала мектептерінен 363 мұғалім қатысты.
Тренинг пән секциялары бойынша өтті: қазақ тілі (тренерлер Қ.Қ.Ахметова, Ф.Б.Ғалымжанова), орыс тілі (тренерлер З.К.Бектурова, Ж.С.Нурмагамбетова), ағылшын тілі (тренер М.А.Асқарова), тарих (тренер Ә.И.Чокушева), математика (тренер Л.К.Боранбаева), физика (тренер З.Сәмет), химия (тренер Г.К.Даулетбаева), биология (тренер В.И.Нурмаганбетова), информатика (тренер К.Қ.Женесбаева) және бастауыш сыныптар (тренерлер Л.Я.Пырлик, Б.С.Дюсембинова).
Қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктері туралы теориялық ақпарат бере отырып, тренерлер қысқа мерзімді сабақ жоспарларын әзірлеу бойынша қатысушылардың белсенді шығармашылық қызметтерін ұйымдастырды. Жоспар әзірлеу барысында тыңдаушылар SMART форматындағы сабақтың мақсатын тұжырымдауды, сабақ жоспарына критериалды бағалауды біріктіруді, сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес келетін, әрбір білім алушының қажеттіліктері мен мақсаттарына қол жеткізуін ескеретін белсенді әдістерді, тапсырмаларды саралау тәсілдерін таңдауды үйренді.
Тренинг нәтижесі бойынша тәжірибелік ұсыныстар қабылданды. Сабақтардың электрондық әдістемелік жинағын басып шығару жоспарлануда.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.