Өрлеу сайты

САХА РЕСПУБЛИКАСЫ (РФ) ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

САХА РЕСПУБЛИКАСЫ (РФ) ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

САХА РЕСПУБЛИКАСЫ (РФ) ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2017 жылдың 28 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Саха Республикасының (РФ) 24 өкілін: білім беру ұйымдарының басшылары мен Білім басқармалары қызметкерлерін қабылдады.

Делегация сапарының мақсаты:
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің біліктілігін арттыру тәжірибесімен танысу.
Іс-шараға ПОҚ мен институт қызметкерлері, сондай-ақ Астана қаласы мектептерінің бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясында курстық дайындықтан өткен мұғалімдер қатысты.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының м. а. Л.А. Саинова қонақтар алдында сөз сөйлеп, кездесу бағдарламасымен таныстырды.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру ерекшеліктері туралы келесі қызметкерлер ақпарат берді және тренинг жүргізді:

  1. Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары А.И. Чокушева — «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің біліктілігін арттыру».
  2. ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы, З.К. Бектурова — «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында орыс тілі сабағын жоспарлау»
  3. ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы, Ж.С. Нурмагамбетова — «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі сабақтарында коммуникативтік дағдыларын дамыту».

Біліктілікті арттыру курстарында оқыған мұғалімдер қонақтарға келесі тақырыптар бойынша шебер-сыныптар өткізді:

  1. №22 МГ бастауыш сынып мұғалімі, И.С. Прохорчик — «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің жолдарын мұғалімдерге түсіндіру»
  2. №66 МГ орыс тілі мұғалімі, Ж.А. Омарова — «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі сабағын құрылымдау ерекшеліктері»
  3. №84 МЛ қазақ тілі мұғалімі, Б.Хавдалсейт – «Қазақ тілін оқытуда жаңа әдістерді қолдану»
  4. №32 МГ музыка мұғалімі, Н.И.Белан – «Музыка сабағында белсенді әдістерді қолдану»

Саха Республикасынан келген әріптестермен кездесу «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог қызметкерлердің курстық дайындық ерекшеліктері» тақырыбындағы пікірталаспен аяқталды.