Өрлеу сайты

БІЛІМ БЕРУ — ОРТАЛЫҚ БУЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

БІЛІМ БЕРУ — ОРТАЛЫҚ БУЫНДАҒЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

БІЛІМ БЕРУ — ОРТАЛЫҚ БУЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

2017 ж. 31 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның  Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бес негізгі басымдықтарын, әлемдегі ең алдыңғы 30 мемлекеттің қатарына тұрақты қосылуын және экономиканың барлық салаларында жоғары өсімнің қарқынын қамтамасыз ететінін атап өтті.

2017 ж. 16 ақпанда бастауыш сынып мұғалімдері, білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Президенттің сөйлеген сөзіндегі Қазақстанның маңызды жетістіктері мен табыстарын үлкен ықыласпен тыңдады. Көптеген астаналық мұғалімдердің тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты сұрақтары бойынша Н.А. Назарбаевтың «Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы айтқаны мұғалімдердің ерекше назарын аударды.

Білім беру — экономикалық өсімнің жаңа моделін құру Мемлекет басшысының көрсеткен басым бағыты. Курс тренері Н.Н. Вагапова Жолдауда көтерілген білім беру мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірді. «Өз бетімен ақпаратты  іздеу дағдыларын және  сыни ойлау қабілетін дамытуды оқу бағдарламасына бағыттау қажет», —  деген президенттің сөзі «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарының қажеттігін растайды.

Ұлттық бірегейлікті дамытуды, қажетті инновация мен көшбасшылықты жүзеге асыру үшін дағдыларды қалыптастыруға, мектеп бітірушілердің жалпы білім деңгейін одан әрі арттыруға жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде  педагогтерді дайындауды болжайды.

Президенттің Жолдауындағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамытуға бағытталғанын курс педагогтері үлкен құлшыныспен қолдайды.

Пікір қосу