Өрлеу сайты

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА FLIPPED LEARNING

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА  FLIPPED LEARNING

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА FLIPPED LEARNING

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды қамтамасыз ету бөлімі 2017 жылдың 26 қаңтарында ПО құрамына арналған «Flipped learning: неге, нені және қалай аударыстыру?» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинардың өзектілігі: педагогтердің біліктілігін арттыруда «Flipped learning» технологиясын енгізу бойынша филиалда мақсатты зерттеу  жұмыстары жүргізілетіндігін педагогтар қауымына жеткізу.

Семинардың мақсаты: қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарында технологияны қолдану аясында мұғалімдер үшін «Flipped learning» технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын анықтау.

Семинар барысында қатысушылар «Flipped learning» негізге алған идеяларын талқылап, сабақтың технологиялық картасымен танысты, біліктілікті арттыруда технологияны жүзеге асыру болашағын айқындады. Технологияның көптеген мүмкіндіктері мен артықшылықтары, мысалы Блум таксономиясы негізінде мақсаттарын жоспарлау, белсенді оқыту, өзара іс-тәжірибелік қызметін жоспарлау және т. б., Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту идеяларына сәйкес келетіндігі қызығушылық тудырды.