«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2016 жылдың 8 желтоқсанында филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Интербелсенді оқыту түрі — тренинг» тақырыбында («Ренессанс» агенттігі бағдарламасының материалдары бойынша) оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысы келесі реттілікпен өтті:
- Ересектерді оқытудың принциптері. Оқыту барысындағы өзгерістерге қарсыласу циклі.
- «Колба» циклі. Білім алушылардың 4 типі.
- Тренинг құрылымы.
- Ашылудың жеті қадамы.
- Тренингтің басты әдістері.
- Энерджайзер (сергіту сәті). Типтері мен классификациясы.
- Рөлдік ойын. Өткізу алгоритмі.
- Кейстер. Кейстерді құру және таңдау.
Семинар жұмысы оқытудың белсенді технологияларын қолдану арқылы, интербелсенді режимде өтті.