«Өзін-өзі тану» «Жалпыадамзаттық құндылықтар сабақта» атты рухани-адамгершілік білім беру бойынша біліктілік арттыру курстарының бірінші аптасы аяқталды (тренері Н.А. Клименко). «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері» атты 1 модуль материалдарын тыңдаушылар оқып біліп, таныстырды.
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы әзірлеген Бағдарлама мақсаты:
- Педагогтің рухани-адамгершілік тұлғасын қайта өзгертуге жағдай жасау, оның ішкі әлеуетін ашу.
- Білім беруде рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге ықпал жасау, тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету.
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда мұғалімдердің білімі мен практикалық дайындығын ұйымдастыру процесін қамтамасыз ету, позитивті ойлайтын және өз борышын өтеуді ар-ұятымен сезінетін лайықты жеке тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ету.