12 мамыр 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері «Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтің бәсекеге қабілеттілігі мен мәртебесін арттыру» тақырыбында Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырып өткізген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, білім-тәрбие мәселесіне қатысты өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ә.Чокушева «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы баяндамасында педагогтердің кәсіби жетілдірудегі инновациялық технологиялардың рөліне тоқталды. Әсіресе, кең таралып келе жатқан «flipped learning» атты технологияның тиімді тұстарын атап көрсетті.
«Мұғалімнің кәсіби өсуі – маманның тұлғалық имиджінің көрсеткіші» тақырыбында баяндама жасаған «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы М.Дуйсебаева: «Білім саласы педагогтерінің өздерінің кәсіби сапасының қазіргі қоғам талаптарына сай болуы — табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуді нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталуы керек, — деп түйіндеді.
«Қосымша білім беру ұйымдарында курстық дайындықтың нәтижесін мониторингілеу» тақырыбын қозғаған АТ бөлімінің жетекші маманы Г.Малдыбаева біліктілікті арттыру институттарында курсты өткізуді жүйелі түрде сараптаудың кешенді бағдарламасын ұсынды.
ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
- «Критериалды бағалау»
- Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Курс тыңдаушыларының пікірі…
Пікір қосу
Пікір қалдыру үшін авторизция керек.