2016 жылдың 18 сәуірінде Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңі үш басым бағыт бойынша жумыстар сараптамадан өтті. Атап айтқанда:
- Орта білім беру. «Білім беру үдерісін технологияландыру орта білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде». «Мәңгілік Ел» ұлттық идеялары аясында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру».
- Білімдегі менеджмент. «Педагогикалық менеджмент басқару қызметінің мәдениетін дамыту факторы ретінде» тақырыптары бойынша педагогикалық оқуларға қатысушылар өз жұмыстарын ортаға салды.
- Бастауыш білім беру. «Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде».
«Білімдегі менеджмент» бағыты бойынша сегіз жұмыстың тұсаукесері тыңдалды. Бастауыш білім беру мен жалпы орта білім беру бойынша қала мектептерінен 78-ден астам педагог қатысып, өз бағыттары бойынша жұмыста белсенділік танытты. Сараптау кеңесінің мүшелері 65 баяндама мен жоба тұсаукесерін қарап, ең үздік жұмыстарға бағалау жасады. Аталған бағыттар бойынша Білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңінің барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.