2016 жылдың 15 сәуірінде Астана қаласында білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңі басталды. №75 «Балалық шақ» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» басым бағыты бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми-әдістемелік, мазмұндық, технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту» тақырыбы бойынша педагогикалық оқуларға қатысушылардың жұмыстары сараптамадан өтті.
Сараптау кеңесінің мүшелері сараптау кеңесінің төрағасы педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті Жұмабекова Фатима Ниязбекқызының жетекшілік етуімен 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 32 педагогтың баяндамалары мен жобаларының тұсаукесерлері бағаланды. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиедегі өзекті тақырыпта барлығы 28 жұмыс тыңдалды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша педагогикалық оқуларының қалалық кезеңі
- Прошел 10 день курса
- Оқушыларға қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық оқуларының қалалық кезеңі