ІІ Педагогикалық оқулардың ұйымдастырылуы жағдайын талқылап, бекітілген жұмыс жоспары бойынша тапсырмалардың орындалу барысы туралы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Л.А.Саинова мәжіліс өткізді.
Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Әкімжан Сайлыбаев Сараптама кеңесінің хатшыларына қарауға ұсынылған материалдарды талқылауда көңіл бөлетін талаптармен, бағалау парақтары мен бағалау қритерийлерін таныстырды.
«Дамытушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңартудың ресурсы ретінде» тақырыбы бойынша аға оқытушылар М.Қарағозина мен Л.Пырлик бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыстарын талқылап отырған сәті.