Өрлеу сайты

«Биотехнологияның заманауи мәселелері: зертханалық зерттеулерден өндіріске» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Биотехнологияның заманауи мәселелері: зертханалық зерттеулерден өндіріске» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ бас маманы В.И. Нурмаганбетова 2016 жылдың 8 сәуір күні тікелей эфирде G-Global пікірталас алаңында «Биология пәнін бейінді оқытуда биотехнологиялық мамандықтарға кәсіптік бағдар беру» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасады. «Биотехнологияның заманауи мәселелері: зертханалық зерттеулерден өндіріске» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында дөңгелек үстел Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтті (Алматы қ., 7-8 сәуір).

Пікірталасқа Ресей, Армения және Германияның ғалымдары, Қазақстанның жұмыс берушілері мен биотехнологиялық өндірістердің жетекші мамандары қатысты. Отандық биотехнологиялық өнімдерді халықаралық нарыққа шығару және қазіргі заманға сай биотехнолог-мамандар дайындауда халықаралық ынтымақтастықтың рөлі, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес орта және жоғары мектептерде қазіргі заманға сай биотехнолог-мамандар дайындаудың мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің бейнежазбасы

Пікір қосу