2016 жылы 30 наурызда «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚ БАИ «Педагогтардың АКТ құзыреттілігін қалыптастырудағы біліктілік арттыру жүйесінің ролі» республикалық он-лайн конференциясында Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ жетекші маманы Гүлнар Малдыбаева «Пән мұғалімдерінің АКТ құзыреттілігін қалыптастыруда интерактивті технологияны пайдалану» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.
Баяндамада педагогтардың сандық білімдік ресурстарды жинақтау және оны пайдалана білу құзыреттіліктерін жетілдіру — біліктілік арттыру курстарының маңызды бағыттары екендігі айтылды.
Гүлнар Балтабайқызы, сонымен бірге білім алушыларға білімдік контенттің қолжетімділігі, оқушы мен мұғалімнің өзара байланысы, білім алмасу, автоматтандыру мәселелерін шешу – арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдаудың кезек күттірмейтін тұсы екеніне назар аударды. Әсіресе, сандық білімдік ресурстардың білімдік контенті үш тілде құрстырылуы, оның ішінде қазақ тілінде көбірек болуына тоқталды.
Кәсіби қызметте пайдаланушылар үшін филиалдың сайтында http://orleuastana.kz, Web-ресурсы бар екендігін айтты.