2016 жылдың сәуір айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мен Астана қалалық Білім басқармасы әдістемелік кабинеті II Педагогикалық оқулардың қалалық кезеңін бірігіп өткізеді.
Мақсаты: білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және тарату.
Педагогикалық оқулар кезең-кезеңмен өткізіледі:
– білім беру ұйымының ішінде – ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айлары;
– Астана қалалық Педагогикалық оқулар – ағымдағы жылдың сәуір айы;
– республикалық Педагогикалық оқулар – ағымдағы жылдың маусым айы.
Педагогикалық оқуларға қатысуға педагогикалық ұжымдар, педагог қызметкерлер, меншіктік нысаны мен түріне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіби, жоғары (кәсіби мамандықтар), қосымша білім беру ұйымдарының басшылары шақырылады.
Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің II Педагогикалық оқуларының Астана қалалық кезеңінің Ережесі.
Күнделік |
Мақалалар жинағы |
Видео-күнделік |