Өрлеу сайты

Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негіздері

Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негіздері

Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негіздері

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып өткізді.

SONY DSC

Семинар барысында бөлім бастығы А.Сайлыбаев «Білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында жасаған баяндамасында бүгінгі күні білім мазмұнын жаңартудың себептерінің туындауы мен нәтижесі туралы ашып айтып берді.

Кафедра меңгерушісі Қ.Ахметова кафедра оқытушыларының білім беруді жаңарту бойынша БА курстарына дайындықтары туралы хабарламасында әдістемелік құралдар туралы, тыңдаушыларға таратылуға тиісті үлестірмелік материалдарды көбейту проблемасын ортаға салды. Ал бастауыш сынып мұғалімдеріне басталғалы отырған БА курсының ерекшеліктері туралы Б.Дюсембинова, А.Кульманова, «Орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мазмұнының жаңартылуы жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімдерінің БА курсының ерекшеліктері туралы Ф.Ғалымжанова таныстырды. «Особенности курсов ПК учителей начальных классов в условиях обновленного содержания начального образования» (Л.Пырлик. Н.Вагапова), «Орта мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мазмұнының жаңартылуы жағдайында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің БА курсының ерекшеліктері» (З.Бектурова) курс мазмұнымен таныстырды.

SONY DSC

Семинарға қатысқан институт оқытушылары мен мамандары жаңа курсқа қатысты көптеген сұрақтар мен өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Мысалы, үлестірмелік материалды электрондық нұсқада тарату, қашықтықтан оқыту тәжірибесін қолдану, т.б. ұсыныстар айтылды.

Жаңартылған мазмұндағы курстардың мазмұндық ерекшеліктері наурыз айында өткізілетін дөңгелек үстелде кеңінен талқыланатын болады.