2015 жылдың 9 – қарашасында ресми сапар аясында Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Білім және ғылым министрі Фаттахов Энгель Наваповичтің басшылық етуімен Татарстан Республикасы білім беру жүйесі салаларының жетекшілері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша біліктілікті арттыру институтына келді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова мен Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л. А. Саинова қонақтарды Акционерлік қоғамның құрылу тарихы, қызметі және Қазақстан республикасында біліктілікті арттырудың қазіргі заманға сай инновациялық бағыттарымен таныстырды.
Кеңейтілген кездесу барысында лауазымды қонақтар мен филиал қызметкерлері және Астана қаласы біліктілікті арттыру институты курс тыңдаушылары арасында педагогтардың үздіксіз кәсіби білім беру мәселелері жөнінде біліктілікті арттыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы мағыналы сұхбат өтті.