2015 жылдың 18 маусымында 2015 года «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті және «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Білім берудің құндылықтары және замануи оқулық» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты – замануи білімдік құндылықтарды талқылау және олардың оқулықтарда бейнелеуінің жолдарын анықтау.
Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бұрханов К.Н., Бішімбаев У.К., Исимбаева Г.И. шақырылды.
Пленарлық мәжілісте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саясат ғ.д., профессор Бурханов К.Н. «Бес институционалды реформа және «Мәңгілік ел» құндылықтары – ел жастарын тәрбиелеу негіздері»,
- ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар Департаментінің директоры Жонтаева Ж.А. «Білім мазмұнын жаңарту – уақыт талабы».
- шетелден келген қатысушылар Билл Баулер – ағылшын тіліндегі оқулықтардың авторы және редакторы, Кэмбридж Университеті, Ұлыбритания, Терова Е.В. – Мәскеу қаласының «Мнемозина» орталығы, Стефен Йохан Левер – ELT кеңесші, Express Publishing баспасының филиалы Греция,
- оқулықтың авторлары Башарұлы Р. – ф.-м.ғ.к., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ, Сатыбалдиев О.С. – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, п.ғ.д., профессор
Конференцияның екінші жартысында 1 Дөңгелек үстел «Оқулықтардың қазіргі жайы және «әзірлеу-сараптау-шығару-қамтамасыз ету» алгоритмінде олардың сапасын көтеру мәселелері», 2 Дөңгелек үстел «МЖМБС-оқу бағдарламалары –оқулық – оқу процесі – тұлға» алгоритмін құндылықтар тұрғысынан жүзеге асыру» ұйымдастырылды.
Конференцияны қорытындылауда ұсынымдар қабылданды.