Өрлеу сайты

Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

2015 жылдың 7-9 мамыр аралығында Новосибирск облысы Қарасуқ өлкетану мұражайының шақыруы бойынша К.К.Ахметова, «Мұғалімнің кәсіби дамуын психология-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының меңгерушісі 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. К.К. Ахметованың әкесі Кабулов Касым Алинович өзінің барлық саналы ғұмырын Қарасуқ ауданындағы білім берудің дамуына арнады. Майданға Қарасуқ әскери коммисариат бойынша шақырылып, Волхов майданында сол қолынан ауыр жарақат алды(кейін қолын кесіп алып тастауға тура келді). Соғыстан мүгедек болып оралып, кейіннен белсенді педагогикалық қызметін жалғастырды. Ресей Қорғаныс министрлігінің «Подвиг народа» сайтында Қызыл жұлдыз ордені бойынша марапаттау қағазы орналастырылған. Сонымен қатар Касым Алинович «1941-45 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германиямен шайқастағы жеңіс үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қарасуқ тұрғындарымен барлық қонақтартыл еңбекшілеріне арналған Мемориалдың ашылуына, «Бессмертный полк» жобасының қатарындағы мерекелік шеруге, «Имя Победы» концертіне, «Огненные версты» атты музыкалық-театрлық қойылымға қатысып, Ұлы Жеңістің қадірін еске түсірді. Өлкетану мұражайының қонақтары эстетикалық және мазмұнды рәсімделген залдарды, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгікезеңді, Жеңіске жеткен адамдардың экспонаттарын тамашалады.

123
Соғыс қаһарманы туралы мәңгі естелік пен ұрпақ алғыстары әкімшілік тарапынан терең мағыналы және жүйелі түрде ұйымдастырылған, Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналған мерейтойлық мерекесінде соғыста көрсеткен ерлігі үшін ұрпақтардың мәңгілік естелігі мен алғысы жүректен-жүрекке жетті.