Өрлеу сайты

Мониторинг оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру факторы ретінде: тәжірибе, идеялары мен келешегі

Мониторинг оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру факторы ретінде: тәжірибе, идеялары мен келешегі

Мониторинг оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру факторы ретінде: тәжірибе, идеялары мен келешегі

2017 жылға арналған филиалдың Операциялық жоспарына сәйкес «Өрлеу»  Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 13.02 және 28.02.2022 күндер аралығында «Мониторинг оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру факторы ретінде: тәжірибе, пікір мен келешегі» on-line республикалық пікірталастық WEB-алаңын өткізді.

Аталған WEB-алаңның мақсаты педагогтың кәсіби біліктілігін дамыту деңгейін анықтау үшін мәселелерді талқылау мен мониторингтік зерттеулер тәжірибесімен алмасу болып табылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ұйымдастыру комитетіне материалдар жинағында жариялау үшін 72 мақала келіп түскен. Пікірталас алаңына Қазақстан Республикасының 45 білім беру ұйымынан 100 адам қатысты: олардың қатарында 16 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері, мониторингтік қызмет мәселелеріне жетекшілік етуші мектептер мен колледж директорларының орынбасарлары, мектеп пен колледждердің педагогтері бар.

«Мониторинг оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру факторы ретінде: тәжірибе, пікір мен келешегі» республикалық пікірталастық WEB-алаңы келесі мәселелер талқыланған http://web-plochadka.blogspot.com/ сайтында құрылды:

  1. Сізге педагогтердің мониторингтік қызметін ұйымдастырудағы қандай заманауи инновациялық шешімдер белгілі?
  2. Сіз мониторингтік зерттеулердің қандай тәсілдерін қолданасыз?
  3. Сіз қолданған мониторингтік қызмет әдістерінің тиімділігі қандай?
  4. Сіз педагогтің кәсіби біліктілігін дамыту үшін мониторингтік зерттеулерді қалай қолданасыз?
  5. Сіз педагогтердің кәсіби біліктілігінің айқындалған қиындықтарын жою үшін қандай тиімді шараларды қолданасыз?
  6. Сіздің оқу орныңызда мониторингтік қызметтің талдауы қалай жүзеге асырылады?

Іс-шараның қатысушылары теория мен практиканың кірігуі арқылы оқытушының кәсіби біліктілігін арттыру үшін мониторингтік қызмет жүргізу бойынша тәжірибе, пікір және келешегімен on-line cұқбат арқылы алмасты. Аталған мәселелерді талқылауға: Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Павлодар облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы және Астана қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ПҚ БАИ мониторинг және талдау бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп пен колледждердің педагогтары қатысты.

Республикалық пікірталастық алаң жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, электрондық жинақ, сертификаттар шығарылды.

Іс-шараның қатысушылары «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Мониторинг және талдау» бөлімін республикалық пікірталастық web-алаңын жақсы ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын жеткізді.

 

Аудан Мақала саны Қатысушылар саны БАИ қатысушылар саны ҚР мектептердің қатысушылар саны Колледж

қатысушылар саны

1 Астана 18 26 7 14 5
2 Алматы 1 3 3
3 Алматы облысы 2 3 3
4 Ақмола облысы 2 3 3
5 Ақтобе облысы 9 11 2 9
6 Атырау облысы 1 2 2
7 ШҚО 5 7 3 4
8 Жамбыл облысы 3 6 6
9 БҚО 2 2 2
10 Қарағанды облысы 1 2 2
11 Қостанай облысы 3 4 1 3
12 Қызылорда облысы 1 1 1
13 Маңғыстау облысы 4 5 2 3
14 Павлодар облысы 1 2 2
15 СҚО 14 18 6 9 3
16 ОҚО 5 5 5
72 100 49 43 8