Өрлеу сайты

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» БРИФИНГ-КЕҢЕС

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» БРИФИНГ-КЕҢЕС

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» БРИФИНГ-КЕҢЕС

2017 жылғы Жедел жоспарға сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты №76 мектеп-лицей базасында 2017 жылдың 24 наурызында директордың бастауыш сынып бойынша орынбасарларына арналған «Жаңартылған білім беруде критериалдық бағалауды жүзеге асыру» тақырыбында брифинг-кеңес өткізді.
Брифинг-кеңестің мақсаты: бірінші сыныпта критериалдық бағалау жүйесін қолданудың ерекшелігі және мағынасын ұғыну.
Шара барысында келесі негізгі сұрақтар талқыланды:

  1. Критериалдық бағалау жүйесінің заманауи міндеттері және ерекшеліктері, мәселелері.
  2. Критериалдық бағалаудың түрлерін енгізу және жоспарлау: қиындықтар, оларды жеңу жолдары, ұсынымдар.
  3. Формативті және суммативті бағалау тапсырмалар жинағын пайдалану ерекшеліктері, критерийлер және оқыту мақсаты бойынша бағалау дескрипторлары.
  4. Бағалаудың қорытындысын талдау. Формативті бағалаудың қорытындысын толық талдауды өткізу үшін бақылау парақтарын қолдану әдісі.
  5. 1 сыныпта тоқсандық және жылдық баға қою механизмі. Нәтижелерді тіркеу, модерация.
  6. Оқушының портфолиосы, құрылымы.

Кеңесшілер ретінде ББПППҚ, ОӘИТЖҒП кафедраларының аға оқытушылары А.Ж.Бекмагамбетов, Л.Я.Пырлик, Н.Н.Вагапова, Ф.Б.Ғалымжанова, Ж.С.Нурмагамбетова және деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі Б.Ғ.Ғалымжанов қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Оқушылардың білімін бағалаудың біртұтас жүйесін құру және оқу қызметінің сапалы нәтижелеріне жетуге арналған білім берудің жаңартылған мазмұнында критериалдық бағалаудың теориялық негіздегі жаңа түрлерін тәжірибеде қолданып, іске асыру бастауыш сынып мұғалімінен күнделікті көп еңбекті талап етеді.

Шараға қатысушылар формативті және суммативті бағалау ерекшеліктері бойынша түсініктеме, 1 сыныпта бағалау техникасындағы негізгі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар алды.