«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылдың 5 мамырында «Педагогикалық үдерісті технологияландыру жетістікке қол жеткізу факторы ретінде» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.
Семинарға қала мектептерінің 151 жаратылыстану-математика пәндері мен бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.
Семинар аясында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ МКДППҚ кафедрасы доцентінің м.а., п.ғ.к. Бекмағамбетов А.Ж. «Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының басым бағыттары», Білім басқармасының әдіскері Қасқабаева Р.К., «Астана қаласының білім кеңістігінде инновациялық технологияларды қолдану», «Астана» университетінің техникалық пәндер кафедрасының доценті, х.ғ.к. Торсықбаева Б.Б. «Жалпы білім беретін мектепте білім сапасын басқару технологиялары: проблема және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасаумен бірге, №56 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушыларымен «Химиялық байланыс» тақырыбынан шебер-сынып көрсетті.
Теория мен практика ұштасқан іс-шарада №34 орта мектептің математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Бұғыбаев М. С. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы бойынша бағалаудың автоматтандырылған жүйесі» деп аталатын авторлық жобасында Блум таксономиясы арқылы оқушылардың білімін әділ бағалаудың автоматтандырылған жүйесінің тиімділігімен таныстырды.
Сонымен бірге, ғылыми-әдістемелік семинарда жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін жаңашылдыққа дайындауға кірісу мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ МКДППҚ кафедрасының аға оқытушылары Б. С. Дюсембинова мен Л. Я. Пырлик «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқытудың спиральдік моделі» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде шебер-сынып өткізді.
Семинар жұмысын қорытындылаған директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ә.И.Чокушева бүгінгі таңдағы білім саласындағы өзекті мәселелердің, оның ішінде жаңартылған мазмұнмен білім берудің өзіндік қиындықтарын шешуде бірлескен жұмыстар жиі ұйымдастырылуы қажет деп түйіндеді.
Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«Педагогикалық үдерісті технологияландыру жетістікке қол жеткізу факторы ретінде» тақырыбындағы қалалық семинар
- 11.05-03.06.2016 ж. курстар бағдарламасы
- Орта білім мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде жүретін мектептердің «Қазақ тілі» пәні бойынша біліктілігін арттыру курсы
Пікір қосу
Пікір қалдыру үшін авторизция керек.