«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы 10-апталық курс аясында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен №59 мектеп-лицейі бірлесіп ұйымдастырған кездесу кешінің қонағы жазушы, экономика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел болды. Бұл кеште Мырзагелді ағамыз руханият саласында «Өзін-өзі тану» бойынша ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық, көсемсөздік еңбектер туралы баяндады. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде алдыңғы буын кемеңгер ағалармен және еліміздің өркендеп гүлденуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлерімен өткізілетін осындай мағыналы кештердің ұстаздарға, оқушыларға берер тәлімі мол.