Өрлеу сайты

Шебер-сынып «Химия пәнінен эксперимент көрсетуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»

Шебер-сынып «Химия пәнінен эксперимент көрсетуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»

Шебер-сынып «Химия пәнінен эксперимент көрсетуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28-ші наурызында «Ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша заманауи көрнекі тәжірибелерін ұсыну әдістемесі» қалалық семинар аясында «Химия пәнінен эксперимент көрсетуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»  шебер-сыныбы өтті.

Слайд2

Мақсаты: химия пәнінен эксперимент көрсетуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жолдарын қатысушыларға меңгерту.

U

Шебер-сынып барысында химия пәнінің мұғалімдері педагогикалық іс-тәжірибесіне виртуалды зертхана жұмысын енгізу мүмкіндігі көрсетілді. Қатысушылар эксперимент көрсетілімін ұйымдастыру кезінде интерактивті құралдарды пайдалану қағидаларымен танысты. Шебер-сыныпқа қатысқан қатысушыларға сарапшы мен оқушылардың ролін орындайтын жағдай құрылды.

Шебер-сынып жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

  • ScienceCube бағдарламасында виртуалды зертхана құралдарын қолдану арқылы эксперимент көрсету;
  • VirtuLab сайтында компьютерлік жаттығу құрылғысының көмегімен виртуалды химиялық зертхана көрсету;
  • Smart жабдығын қолдану арқылы эксперимент көрсету.

Шебер-сынып қатысушылары, реагенттерді араластырғандағы  әсер ету реакциясын, сонымен қатар ScienceCube бағдарламасы құралының мәліметтер жиытығын виртуалды химиялық зертханаларда эксперименттеп көрсету мүмкіндігін алды. Алынған эксперимент  нәтижесі қорытынды кестеге енгізілді.  Арнайы бағдарламада мәліметтер өңделіп, сараптама жүргізілді.