2016 жылдың 22 сәуірінде Астана қаласы №22 пилоттық мектеп-гимназиясының базасында «Мектептің бірыңғай білім беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдістері мен формаларын интеграциялау» атты қалалық семинар өтті.
Семинарға қатысушылар: Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша тренерлері және қала мектептерінің өзін-өзі тану бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері.
Семинардың мақсаты: рухани-адамгершілік білім беру сапасы мен құндылықтарды ашып көрсетуде сабақтарды интеграциялау бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар «Өзін-өзі тану» тренері Н.И. Харькованың позитивті ойлауға өткізген жұмысынан кейін басталды. Сонымен қатар, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша тренері Н.А. Клименко «Интеграция Программы нравственно-духовного образования «Самопознание» в единое образовательное пространство в свете обновленного содержания образования» тақырыбында; №22 МГ бастауыш сынып мұғалімі — Э.С.Прохорчик «Опыт интеграции программы нравственно-духовного образования «Самопознание» в начальной школе» тақырыбында; №22 МГ мұғалімі — Г.Б.Тулегенова «Опыт интеграции программы нравственно-духовного образования «Самопознание» на уроках русского языка и литературы в средней школе» тақырыбында; №22 МГ тарих пәнінің мұғалімі — Л.В.Миркина «Опыт интеграции программы нравственно-духовного образования «Самопознание» на уроках истории в старших классах» тақырыбында баяндамалар оқыды.
Практикалық бөлімінде «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің деңгейлік бағдарламасы бойынша курстан өткен қала мектептерінің мұғалімдері интеграцияланған сабақтарын, атап айтқанда:
- № 21 ОМ мұғалімі Л.С. Темирова, информатика пәнінен 6 сыныпта «Вставка объектов в компьютерные презентации»;
- № 62 МЛ мұғалімі Г.А.Уналбекова, орыс әдебиеті пәнінен 6 сыныпта «Патриотизм героев баллады «Вересковый мед»;
- № 23 ОМ бастауыш сынып мұғалімі А.С.Пшенбаева, дүниетану пәнінен 2 сыныпта «Разнообразие птиц»;
- № 44 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Ю.Ю.Белинская, дүниетану пәнінен 3 сыныпта «Паукообразные» тақырыптарында көрсетті.
Семинар соңында жұмыс қорытындысы шығарылып, ұсыныс қабылдаумен аяқталды. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.