2016 жылдың 27 мамырында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту мәселелері» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы аясында «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын тәрбие процесінде жүзеге асыру жолдары мен туындайтын мәселелеріне ұйым педагогтері мен басшыларының, сала ғалымдарының назарын аудару, оны шешу жолдарын талқылау.
Семинар барысында 11 баяндама тыңдалып, «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің әдіс-тәсілдері мен жолдарын зерттеп, осы бағытта туындайтын мәселелерді шешуді талқылады.
Қалалық семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, PhD докторы Ә.И.Чокушева мен «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бастығы, п.ғ.к. Ә.А.Сайлыбаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, п.ғ.к. Ф.Н.Жұмабекова, Астана қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие бөлімінің бастығы А.Д. Смакова қатысты.
№22 «Әлем» балабақшасының логопед мұғалімі, түзету педагогикасының PһD докторы А.Н.Жұмабекова мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту жағдайында түзету жұмыстарының халықаралық тәжірибелері туралы мазмұнды баяндама жасады. №32 «Балдаурен» балабақшасының Монтессори-педагогі Б.К. Сапаргужина «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бағытында М.Монтессори педагогикасын пайдалану» баяндамасында балабақшаның іс-тәжірибесін ортаға салды. Осы мекеменің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Д.Қосыбаева «Үштұғырлы тіл – бүгінгі қоғамның әлеуметтік талабы», дефектолог Д.Б.Жандуллина «Элементы этнопедагогики в коррекционно-развивающей работе» тақырыбында құнды тәжірибелерімен бөлісті. ««Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыруда А.Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы балалардың тілдерін дамытудың тиімділігін тілге тиек еткен №71 «Мөлдір» балабақшасының әдіскері Г.Б.Ташмаганбетованың сөзін, №22 «Әлем» балабақшасының логопеді О.А.Гелеверя «Реализация национальной идеи «Мәнгілік ел» в воспитательно-образовательном процессе: инновационный подход в работе с родителями» баяндамасымен толықтыра түсті.
Семинар жұмысының қорытындысына сәйкес ұсынымдар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.