2016 жылдың 30 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚБА институты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік он-лайн семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңарту және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру мәселелері бойынша педагог ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің пікір алмасуына жағдай жасау. Семинар жұмысына 76 баяндама келіп түсті.
Семинар барысында «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы: мән-мағынасы мен негізгі ұғымдары, орта білім беру мазмұнын жаңарту бағыттары мен принциптері, қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңартуда «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының көрініс табуы, «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде жүзеге асыру барысы, проблемалары, шешу жолдары бағыттары талқыланды.
Семинарға қатысқан философия ғылымдарының докторы, ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Молдабеков Ж.Ж. және саяси ғылымдарының докторы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы обл. бойынша ПҚ БАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ауелгазина Т.К.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына философиялық және тарихи талдау жасады. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сайлыбаев Ә.Ә. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын білім беру процесінде жүзеге асыру педагогикалық проблема екендігін негіздей келе мұғалімдердің қолына оқу материалын дайындап беру қажеттілігін тілге тиек етті.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессор-оқытушылары қоғамдық ғылымдар магистры, Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Жусупова Г.С., СҚО облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері Байкенова С.Ж., ОҚО облысы бойынша ПҚ БАИ Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы магистр Жарылғапова А.Ш. педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру жүйесінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бағытындағы тәжірибелерін ортаға салды.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырып жүрген ұстаз Алматы қаласы №145 гимназияның мұғалімі «Қуатты Қазақстан» қорының президенті Ауелбаев М.А., Астана қаласы ҚазақГЗ колледжінің оқытушылары Елеусизов Е.И., Карпиков М.К. тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары PhD докторы Чокушева А.И. басшылық етті. Семинар соңында «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар қабылданды.