Сайт Өрлеу

«ЖЕРДЕГІ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР» ТАРАУЫНДАҒЫ «ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ МӘСЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША 7-КЛАСҚА АРНАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

«ЖЕРДЕГІ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР» ТАРАУЫНДАҒЫ «ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ МӘСЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША 7-КЛАСҚА АРНАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ

Гапбасова И.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия, Ақтөбе

Пән:  қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 
3-бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер
Мектеп: Ақтөбе қаласы, 17 мектеп-гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні: Гапбасова И.М.
Сынып: 7 Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы: Ғаламдық жылыну мәселелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру;
7.2.5.1 — диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру;
7.4.5.1 — тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс  жазу (күрделі сөздер).
Сабақтың мақсаттары Барлығы: мәтінді түсініп тыңдай алады;
Көбі: тыңдаған мәтіннің идеясын анықтай алады;
Кейбірі: тыңдаған мәтін бойынша өзгелердің пікірімен салысытыра отырып, өзіндік жауап бере алады.
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:
Жаһандық, көлем, жорамал, тапшылығы
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:
Климаттық өзгеру, күрт континенталды, алапат ыстық, құрғақшылық салдары, экологиялық тұрақсыздық
Талқылауға арналған сұрақтар:
Климат өзгеруінің қандай себептерін білесің?
Құндылықтарды дарыту Құрметтеу: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақыру;
Тәрбие: әлемдегі табиғи құбылыстар мен алапат жағдайларды ескере отырып, өз еліміздегі табиғи құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс География, ағылшын тілі
АКТ-ны қолдану Аудио мәтін, интербелсенді тақта
Алдыңғы оқу Мұздықтардың еруі
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
(5 минут)
Тренинг ауа-райы және табиғи құбылыстар(оқушылар назарына құстардың сайраған үні, найзағайдың жарқылы, нөсерлі жауын-шашын, қатты соққан дауыл үндері мен фото-суреттері ұсынылады. Оқушылар көрген/тыңдаған ақпараттарды қимыл арқылы көрсете отырып, тақырыпты анықтайды, қызығушылығы оянады). музыка
(табиғи құбылыстардың үні)
Сабақтың ортасы
(5 минут)( 15 минут)
1.      Тыңдалым. Мәтінді тыңдайды.
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31ºС градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін. Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
2.      Жұпта талқылайды, ПОПС формуласы бойынша жұмыстанады.
·         Бірінші сөйлем «Менің ойымша, …»
·         Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
·         Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …»
·         Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …»
3.      Айтылым. Өз пікірлерін дәлелдеп айтады.
4.      Жазылым. Берілген кілт сөздерді аударма сөздіктің көмегімен орыс, ағылшын тіліне аудара отырып, синонимін сөздіктің көмегімен сөйлем құрап жазады.

Қазақша Орысша Ағылшынша
Жаһандық глобальный global
көлем объем volume
жорамал предположение prediction
тапшылығы нехватка shortage
Аудио мәтін, ПОПС формуласы, кілт сөздер, синонимдер, аударма сөздік кітаптары
Сабақтың соңы
(2 минут)
Ақпарттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Ақпарат дұрыс бұрыс
1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 5 жыл сайын 0,31ºС градусқа жоғарылап отырған. (10жыл) +
Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады. +
Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. +
презентация
Рефлексия
(1 минут)
Оқушылар тақырыпты игеруіне байланысты таратылған стикерлерді тақтада ілулі тұрған табиғат құбылыстар тұсына іледі. стикерлер
Бағалау
 
Оқушылардың сабаққа белсенділіктеріне байланысты, мұздықтардың еруі тақырыбы бойынша, мұғалім мұз кәмпиттер таратады. Мұндағы мақсат, атмосфераның азон қабаты жылығанда, жер бетіндегі мұздықтар ериді. Сол секілді мұз кәмпиттерді ауызға салғанда, ауыздағы жылумен мұз кәмпиттер ериді. Идея: Мұз кәмпиттей қатты емес, бал кәмпиттей жұмсақ та тәтті болу – өмірде жүректің де қаттылығын емес, жұмсақ болуын ұғындырады. мұз кәмпиттер
Үйге тапсырма Тақырып бойынша 5-7 слайдтан тұратын презентация дайындау