2017 жылдың 27-30 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсын №59 мектеп-лицейдің базасында өткізді (тренер – Оракова А.Ш., куратор — Даулетбаева Г.К.).
Курс барысында тыңдаушылар «Жаңартылған білім беру бағдарламасының» мазмұнының ерекшеліктері мен өзектілігі, «Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұнының құрылымы мен оқу бағдарламасы, оқу жоспарының құрылымы, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ ерекшеліктері, критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер арқылы бағдарлама мазмұнын толықтай меңгеруге жағдай туғызылды.
Курс соңында тыңдаушылар тақырыптық қысқа мерзімді жоспарларын дайындап, таныстырылымдарын қорғады.