Мусаева Гульмира Базильбековна
Астана қаласындағы
№ 74 мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі
ХХІ ғасырда Елбасмыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның рухани жаңғыруының алты принципін тұжырымдады. Бұл:
Бәсекелік қабілет.
Прагматизм.
Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Білімнің салтанат құруы.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
Сананың ашықтығы.
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды.
Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.
Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?
Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты.
Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: «Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді». Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады. Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, интеллектілік біліктілікті меңгеруге негіз болып табылатын сабақ.
Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда. Демек, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында «Орта білімді берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», — деп айтылғандай жас ұрпаққа сапалы білім мен сапалы тәрбие беру тектік қорымызды сақтаудың алғы шарты.
Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса бермек [1.76].
Сондықтан қазіргі таңда білім беру үрдісі дәстүрлі білім беру жолдарынан таянып, жаңашылдықтарға бет бұруда. Осындай жаңашылдықтардың бірі пәнаралық кіріктіру болып саналады.
Дәлірек айтқанда, кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырып жүргізу мәселесі туындап отыр. Бір жағынан қарағанда, жоғары аталған екі ұғым бірдей сияқты, бірақ олардың айырмашылығы өте зор. Пәнаралық байланысқа бір сабақта әртүрлі екі немесе одан да көп пәндерден хабары бар, жан-жақты дамыған бір ғана ұстаздың әрекеттерін жатқызуға болады. Ал кіріктірілген сабақ деп екі әртүрлі пән ұстаздарының біліктілік және психологиялық үйлесімділігі және олардың бір пәнді тану жолында екінші пәнді қолдану шығармашылығын айта аламыз[2.35].
Кіріктірудің тиімділігі бірнеше факторларға байланысты: оқу пәндері мен тақырыптарының өзара дұрыс, сәтті сәйкесуі және үйлесуі; мұғалімнің дайындығы мен оқушылардың жұмысқа деген бағытталуы; балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдіс – тәсілдердің дұрыс таңдалуы және сай болуы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын және шығармашылықтарын арттыратын дәстүрлі емес сабақ түрі. Сондықтан кіріктірілген сабақтың құрылымы дәстүрлі сабақтың құрылымынан айырмашылығы бар.
- Оқу мәліметінің тығыздығы, сыйымдылығы және ерекшеленеді;
- Сабақтың әрбір кезеңінде кіріктіріліп отырған пәндердің өзара байланысуы мен бір-біріне тәуелділігі;
- Сабақта қолданылған мәліметтің көлемінің артуы.
Мұндай сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде мұғалімдер келесі шарттарды ескеру керек:
1.Кіріктірілген сабақта әртүрлі екі-үш пәннің мәліметтері біріктіріледі, сондықтан мұндай мақсат анықталған болса, онда берілген пәндердің мазмұнынан тек сол мақсатты жүзеге асыру үшін керекті ақпарат алыну керек;
- Кіріктіру сабақ барысында әр түрлі жұмыс түрлерінің ауысып отыруына байланысты оқушылардың шаршауын және жалығуын болдырмайды;
- Кіріктірілген сабақты жүргізуде мұғалімдердің (әр түрлі пәндер жүргізетін) әрекеттері байланысты, сөздері үйлесімді, басқа сөзбен айтқанда, олар өздерінің жүріс-
тұрыстарына дейін бәрін алдын ала ойластырулары керек.
Пәнаралық кіріктіру мұғалімге өзінің шығармашылығын жүзеге асыруға, танытуға және өзінің оқушыларының қабілеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріктірілген сабақтар оқушылардың мүмкіншіліктерін дамыта отырып, қисынды ойлау мен ой-өрістерін кеңейтуге, қоршаған орта мен айналадағы құбылыстарға деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар сөйлеу, салыстыру, жалпылау, қорытындылау мен дұрыс шешімдер қабылдауға негізделгендіктен, оқушылар заман талаптарына сай әр түрлі жағдайларға бейімделіп немесе оларды шешуде керекті шешім қабылдап, қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға ретінде қалыптасады. Мұндай сабақтардың формасы үйреншікті емес, қызықты болғандықтан, оқушылардың зейіндерін жоғары деңгейде көрсетеді [3.28].
Кіріктіру қандай да болсын пәндердің арасында жүзеге аса алады, бірақ ағылшын тілін басқа мектеп пәндерімен кіріктіру әсіресе тиімді деп ойлаймын. Себебі, И.А.Зимняяның пікірінше, «Особенностью иностранного языка как учебного предмета является то, что он как бы «беспредметен»: ол қарым-қатынас құралы ретінде ғана оқытылады, ал тақырыптары мен жағдайлары сырттан енгізіледі. Сол себептен ағылшын тілі пәні басқа пәндерден қарағанда барлық кіріктіруге бейім [4.19].
Шетел тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу — ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған [5.49].
Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана байланыстырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Әр мұғалім басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек.. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты — оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Әрине әр ұстаздың өз ұстанымы бар .Мен үшін оқушыларымның ағылшын тілі сабағында алған білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе сол мақсатыма жеткенім. Сөзіме дәлел ретінде 5-сыныптың тарих пәнімен кіріктіре отырып, «Көне қазбалар» («What are fossils?») тақырыбында өткіздім. Төменде сол сабақтың қысқаша құрылымы көрсетілген:
Тақырыбы: «Көне қазбалар» «What are fossils?»
Мақсаттары:
Білімділік: Көне қазбалар тақырыбы бойынша өткенді пысықтау. Өткен шақты қайталау. Дамытушылық: сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу дағдыларын дамыту, мысал келтіру арқылы оқушылардың өз ойларын жеткізуге ынталандыру.
Тәрбиелік: шет тілге және тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу, өздігінен жұмыс істеуге бейімдеу.
Міндеттері:
- Пән аралық байланысты көрсету;
- Топпен жұмыс жасауды дұрыс ұйымдастыру; Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: өткенді пысықтау, қайталау.
Әдістері: CLIL әдісі, мәтінді тыңдау, сұрақ – жауап, таратпаларкамен жұмыс, рөлдік ойын
Жұмыс түрлері: тақтамен, топпен жұмыс, фронтальды жұмыс, жекедара, оқушыларды сергіту жұмысы Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, фото көрініс, бейне материал, карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Good morning, children! How are you today? Who is on duty today? What date is it today? Who is absent today? Сәлеметсіздерме, балалар!
- Оқушыларды ынталандыру
Балалар, сендер бүгінгі екі сабақтың байланысы қандай және оларды байланыстырудың қандай қажжеттілігі бар деп ойлайсыңдар?
ІІI. Сабақтың тақырыбын анықтау
Интербелсенді тақтада әр түрлі археологиялық қазбалардың суреттері көрсетіледі. Teacher: Children:
How do you think what is this? – This is a skeleton. These are bones.
This is a model.
This is an ancient city.
And how do you think what are these in general? These are fossils.
- Бейне материалды көру
So, now you’ll watch the video material and listen to it very attentively then you’ll do the task according to the information on that video.
The task:
- Fossils are the bones or shells of dead animals.
- Some fossils are 500 million years old.
- Fossils tell us about the
- You can find them on mountains, in seas and on beaches.
- You can visit museums to look at fossils.
- You can also go on a special fossil hunting
- A geologist knows all about fossils.
- Тақтамен жұмыс
Ал енді балалар тарих пәнінен өткенімізді қайталайық. Тақтадағы термин сөздерді берілген анықтамалармен сәйкестендіріңдер Қазбалар, археология, археолог, заттай деректер
- Сергіту сәті “Head and shoulders…”
VII. Үй тапсырмасын тексеру
The competition between the leaders – information about Past simple Other pupils will share with the news about fossils (home task)
VIII. Карточкамен жұмыс (грамматикалық тапсырмалар)
Open the brackets and put the verb into the Past Simple.
We ___________(not to go) to school today. We _________ (to go) to the museum with our teacher. We ___________ (to see) animal skeletons and bones. Also we _____________ (to learn) all about how they _________ (to live). I __________ (to like) the stories about different disappearing animals. It _________ (to be) brilliant fun.
- Рефлексия.
Make up the dialogue “What are fossils?” using Past Simple.
X.Үй жұмысы: Write a short composition on the theme “How did I like our lesson?”
Сабақты қорытындылау
Did you like our lesson? Why? The lesson is over, good bye.
Бұл сабақты дайындау, өткізу барысында көптеген қиыншылықтар туындады, бірақ пәнаралық кіріктіру тақырыбы бойынша әдістемелік журналдар мен ақпараттық технология
көздерін қолданып, бар мәліметпен таныстым. Енді осы оқыған теориялық білім мен өз басымнан кешірген тәжірибемді ескере отырып, келесі нәтижеге келдім.
Ағылшын тілін оқытуда пәнаралық кіріктірудің тиімділігі екі жақты жүзеге аса алады: егер лексикалық тақырыптарды қарастыратын болсақ, онда ағылшын тілін ауызша пәндермен (тарих, география, биология, әдебиет және т.б.) кіріктіруге болады, ал грамматикалық тұрғыдан қарастырсақ, ағылшын тілін басқа тілдермен кіріктіре аламыз. Себебі кіріктіру қазақ, орыс тілдері мен шетел тілін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде жүзеге асады [6.75].
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Кулагин П. Г. Межпредметные связи в обучении. – М.: Просвещение, 1983.
- Федорова В. Н., Кирюшкин Д. М. Межпредметные связи – М., Педагогика, 1989
- Колягин Ю.М., Алексеенко О.Л. Интеграция школьного обучения // Начальная школа. 1990. № 9. С. 28–32.
- Леонтьев А.А. Преподавание иностранного языка в школе: мнение о путях перестройки // Иностранные языки в школе.- 1988. -№ 4
- Махмутова Е.Н., Батина М.Г. Интегрированный урок по теме «США: Природа, города, население, сельское хозяйство»// Иностранные языки в школе. – 1997, №4.
- Сердюкова Н.С. Интеграция учебных занятий в начальной школе. // Начальная школа. 1994. № 11. С. 45–49.
Бұл жұмысты дайындау үшін http://referat.ru сайтының материалдарынан алынды.
http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy