Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

Изтлеуова Акмарал  Актамбаевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша
ПҚБАИ  ДБО  тренері, т.ғ.магистрі
[email protected]

Сабақтың    тақырыбы: Сыни  тұрғыдан  ойлау дегеніміз не? Оқытуда  сыни тұрғыдан   ойлауды  пайдалану
 

Жалпы мақсаты:

Бұл тақырып мұғаліммен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптарымен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамиды. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға және саяхаттармен көліктер туралы мәліметтерді талдауға шақыру нәтижесінде қарастырылатын және бағаланатын болады. Балалар өз құрбыларымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғай алады. Оқытудың анағұрлым ауқымды мәселелері әлеуметтік ғылыммен оқытудың байланысында және оқу жоспарындағы тарих пен географияның рөлін зерделеуде қарастырылған. Сондай-ақ, осы сабақта біз математикадағы сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір аспектілерін қарастырамыз.
Күтілетін  нәтижелер: Мұғалімдерге:

• қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау  үшін визуалды және ауызша дерек көздерді пайдалануға;
• тарих  пен  география  пәні  бойынша  балалардың  жауаптарын  тыңдауға  және   ойлануға;
• жас  ерекшелігін   ескеріп, балалардың  уақыт  пен кеңістік  туралы  сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту бойынша одан  әрі  қабылданатын   іс-әрекеттерді  жоспарлауға;
• сыныпта  оқытуды   жақсартуға  қажетті диалогтің   сипаты  туралы  сыни  тұрғыдан  ойлауға;
• оқу жоспарындағы  әлеуметтік  ғылымның  мақсатымен  құндылықтары  туралы  сыни  тұрғыдан ойлауға;
• салыстырмалылық ұғымын  дамыту  үшін  есептеу  стратегиясын оқытуға;
• есептеу  стратегиясын  оқыту  туралы  сыни  тұрғыдан  ойлауға  көмектеседі.

Түйінді идеялар: • Визуалды  және  ауызша  түрдегі  негізгі  ақпарат  балалардың  тәуелсіз ойлауына  және  олардың  ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне  ықпалын  тигізеді.

• Сындарлы  және  ашық  диалогке  қатысу   балалардың  өз   идеясын  сенімді   түрде  білдіруіне, түрлі  көзқарастарға  көңіл  бөлуге  және  оларды  бағалауға  мүмкіндік  береді.
• Балалардың  жауабын бақылау, жазып алу  мен    талқылау  сауатты  оқытуға   ықпал  етеді.
• Есептеулер  стратегиясы  туралы  сыни  тұрғыдан     ойлау     салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.
• Математикадағы  мәселені   шешу  сыни   назар   аударуды   талап  етеді.

Тапсырмалар Жаттығулар:

Визуалды және ауызша көрсеткіштерді талдау.

Ресурс:
Визуалды айғақтар
Ауызша түрде алынған ақпараттар туралы сыни тұрғыдан ойлау
Миға шабуыл
Сұрақтар

Салыстыру, жинақтау және қолдану.

 

Ресурс:
Салыстыру және жинақтау
Жинақтау және қолдану (тарих)
Жинақтау және қолдану (география)
Талантты және дарынды балаларды жалпы мектептік қолдауOxfam ұстанымы және артефактілер
«Сыни тұрғыдан ойлау»
«Сыни тұрғыдан ойлау» таныстырылымы
«Сыни тұрғыдан ойлау: Математика: 2-тапсырма».
«Нәтижелі есептеу стратегиясы»
«Сөйлеу проблемасы болған жағдайда сыни тұрғыдан ойлау»
  Тренердің іс -әрекеті Тыңдаушының іс-ірекеті  
1-cессия.   9:00 – 10:30

5 минут

10  минут

 

Топқа бөлу.  SMART бейдж кестесі  бойынша. Бейдждің бірінші шаршысы бойынша тренер қай тыңдаушыны кімнің қасына отырғызып, жұмыс жүргізгісі келетініне байланысты өз мақсатына қарай пайдаланады.

Өткен  сабаққа  шолу.

Сабақтың  тақырыбы  мен мақсатын өздеріне  анықтату.

Танымал мақалдың  бірінші сөзі+И

метатанудың  негізі  ( Сыни  ойлау)

 

 

Құрылымдалған  SMART бейдж кестесі    бойынша тыңдаушылар  топтасады. Бірінші  жолақтың  бірінші   шаршы бойынша үйренушілер бірнеше топқа бөлінеді: 1-6 сандағы тыңдаушыларды бірінші столға, 7-12 сандағы тыңдаушыларды екінші столға, т.б.

Таблодағы  сандарды  таңдау  арқылы  тыңдаушылар өздері  бірін-бірі тұрғызу  арқылы  өткен сабаққа  шолу жасап, жауап  береді.

Сабақтың  тақырыбы  мен мақсатын өздері айқындайды.

SMART бейдж
 

5 минут

 

1-тапсырма. Топтық жұмыс.  «Сыни ойлау» тіркесіне кластер құру.

Сыни тұрғыдан ойлану дегеніміз не? деген сұраққа сипаттама береді.

 

Тыңдаушылар бірігіп, кластер  құрады.

Әр топ мүшелері басқа топ мүшелерінің қорғаған жұмыстарының екі жақсы жағын және ескерілмей қалған тұсын айтып пікір білдіреді.

5 минут Тапсырманы  бағалау  критерийлері:
— мазмұны
— рәсімделуі
— айрықша сыни пікір
Тыңдаушылар бірін-бірі көлік түрлеріне мінгізу арқылы дайын  критерийлермен бағалады
 

10 минут

2 -тапсырма. Топтық жұмыс.

Қағаз бетіндегі  саяхат.

Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу, өз суретіне ат беру және көпшілік алдында баяндау.

Тыңдаушылардың  әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады.Әр адамға  10 секунд уақыт беріледі
20 минут 3-тапсырма. Топтық жұмыс. Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау.

Ауа, су, құрлық көліктерінің әр түрлі  суреттері жинақталып, топтарға таратылады.

— суреттерді категорияға бөлу;

— категориясы анықталған соң үлкен ватманға орналастыру.

— жұмыстарын қорғау.

Үлгі жауаптар:  суреттің түсірілу уақыты, сапасы, мазмұны, сюжетке байланыстылығы, шығынды көп жұмсауы, қоғамдық, жеке көліктер, адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты қажеттіліктеріне қарай бөлу. Тарихи кесте үлгілерін ұсыну.

Сыни ойлана отырып, топта өзара пікірлесіп, ортақ шешімге келеді, суреттерді категорияларға бөледі.

Суреттерді категориялары мен сапалық ерекшеліктеріне байланысты  ватманға орналастырады.

·  Әр топ  өз жұмыстарын  қорғайды.

;

Салыстыру және жинақтау

Жинақтау және қолдану (тарих)

Жинақтау және қолдану (география)

 

5  минут

 

Интервью әдісі  бойынша  кері  байланыс. Осы орындалған топтық жұмыс бойынша ой бөлісу. Мұғалімдер осы тапсырма бойынша өз беттерімен жасалған топтық жұмыстың  өздеріне қалай әсер еткені, болашақта оқу үрдісіне әсері қандай болуы мүмкін екендігі туралы ой бөліседі.
5  минут

 

Ширату  жаттығуы.  Сыни  ойлана  отырып, берілген   А4  форматына өзгерістер енгізу. Тыңдаушыларға таратылған  А4 форматына  бірнеше  заттар
5 минут 4-тапсырма. Жұптық  жұмыс. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.

Жоғары және төмен  дәрежелі сұрақтарды қалай түсінесіз? деген сұрақ төңірегінде   өз ойларың көршілерімен  бөлісу.

Өз ойларымен қасындағы көршілерімен   бөліседі. Ойластыруға  уақыт беріледі.
15 минут

 

5-тапсырма.  «Блум Түймедағы» бойынша жұмыс. Ауызша түрде алынған ақпараттар туралы сыни ойлау.

Идеялар аукционы (сұрақ түрлері бойынша)

А) кез-келген  көліктің  суреттің таңдап алу;

Б) осы  таңдалған сурет бойынша төмен және жоғары дәрежелі  сұрақтарды дайындау.

Ұсынылған нұсқау бойынша әрекеттенеді. Кестеге төменгі және жоғары дәрежелі сұрақтар тізбегін жазады. Мұғалімдер топтан алынған барлық нәтижені салыстырады және талдау жасайды. Яғни  аукционға түседі.
5 минут Кері  байланыс.  Рефлексивті  нысана.

Талдау  барысында  не  үйрендім? Әріптес  тәжірибесінен  не  түйдім ? Не  нәрсе  мен  үшін  жаңалық  болды?  Менің  топтық  жұмықа қатысуым,  көңіл-күйім  қандай  болды? деген  сұрақтарға  тыңдаушылар  сыни ойлана  отырып,  жауап  береді.

Мұғалімдер сыни  ойлана  отырып,  нысананың  төрт  ширегі  бойынша  өз ойларын  білдіреді.

5 комментариве к “Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

  1. Актурсынова Гулнур Таласкызы

    Ақмарал Ақтамбаевнаның «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану» атты коучинг жоспарын оқи отырып, тренердің теориялық білімі мен тәжірибелік багажының мол әрі бір-бірімен шебер үйлесім тапқанын аңғардым. Мен — осы коучинг қатысушысымын. Коучингтен алған әсерім мен түйген ілімім мол. Коучинг керемет өтті, мақсатына жетті. Бұл коучингтен мен өзіме біраз әдіс-тәсілдерді тиімділігін ескере отырып түртіп алдым.

  2. Карабатырова Улсекер Батырхановна

    «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану» атты Ақмарал Ақтамбаевнаның коучинг жоспары тиімді әрі жүйелі құрылғандықтан осы тақырыпты меңгеру мен үшін оңай болды. Әдіс-тәсілдер арқылы түрлендіріліп өткізілген бұл коучингтен өзіме алғаным көп болды. Коучингтен алған білімімді алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!

  3. Сулейменова Эльвира Абатовна

    Тиімді оқыту мен оқу білім берудегі жаңашылдықтың бір тармағы. Бaғдaрлaмaның мaзмұнын негізін Ақмарал Ақтамбаевна өткізген «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану» атты коучингінде ұғындым. Өйткені жоспардың құрылымы, қолданылған әдіс тәсілдері,тренеріміздің коучинг өткізу шеберлігі барлығы үйлесімді,мәнді және қол жетімді болды. Берілген 90 минут ішінде мен өзімнің қоржыныма көптеген жаңашыл иделар алып, алдағы уақытта өз тәжіребиемде қолданамын. «Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп, сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, осындай ізденімпаз,өз жұмысыңыздың шебері бола беруіңізге тілектеспін. Жұмысыңыз әр уақытта биіктерден көріне берсін!

  4. Далелхан Рина

    Ақмарал Ақтанбаевнаның «Сын тұрысынан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлаудың пайдалану » атты каучингін оқи отырып көп мағлұмат алдым. Алда өз тəжірибеме пайдасы тиеді деген ойдамыз. Алда еңбегің іздің жемісін көре беріңіз.

  5. Сейтпагамбетова Нургул

    Cыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану атты Ақмарал Актамбаевнаның коучинг жоспары тиімді әрі жүйелі құрылғандықтан осы тақырыпты меңгеру барысында еш қиындық тудырмады.Әдіс-тәсілдерді түрлендіріліп өткізілгендіктен бұл коучингтен өзіме алғаным көп . Коучиниктен алған әсерім қте керемет болды.Коучингтен алған білімімді алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын. Алдағы уақытта сәттілік серігіңіз болсын!