Сайт Өрлеу

Математика сабақтарында өздігінен білім алу ортасын құру – үздіксіз білім беруді іске асыру идеясының бірден – бір шарты

Математика сабақтарында өздігінен білім алу ортасын құру – үздіксіз білім беруді іске асыру идеясының бірден – бір шарты

Р.Т. Абдрахманова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Ақмола облысы бойынша
Педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының
Деңгейлік бағдарламалар
орталығының  тренері

[email protected]
Summary: In this article describes integration of subjects’ science and math for formating the environment that contributing the learner’s self-development.
Key words: personality, self-development, integration, investigation, cognitive development
Аннотация: В данной статье описывается интеграция предметов естественно-математического направления для формирования среды, способствующей саморазвитию обучающегося.
Ключевые слова: личность, саморазвитие, интеграция, исследование, когнитивное развитие.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2017 Жолдауының  төртінші басымдығында – адами капитал сапасын жақсарту.
Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет — деген.
Ал, өмір сүріп отырған қоғамның әл — ауқатын жақсарту және әлем елдерімен терезесін тең  дамыту, сол  елдің білім саясатының арқасында жүзеге асатыны белгілі. Сапалы білім – ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол.
Қазақстан  өзінің алдына заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді өзекті мәселе етіп отыр. Егеменді еліміз өзінің даму сатысында білім саласының алдына үлкен міндет қойып отыр. Әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыты пәндерінің оқытушыларына, халықаралық эксперттер зерттеулері бойынша, атаулы пәндер білім беру аймағының негізгі стратегиясы болып табылады, бұл пәндер бойынша дайындық деңгейінен еліміздің  бәсекеге қабілетті екенін анықтауға болады.Жаратылыстану-математика бағыты бірнеше пәндер интеграциясын көрсетеді: математика, физика, химия, жаратылыстану. Осы пәндерді дұрыс және нақты интеграциялау бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытуды іске асырады. Әр оқушы өзінше іс — әрекет, өзінше пайымдай алатын тұлға болу керек. Ол үшін оқушыға ең бірінші ақпаратпен жұмыс жасай алу дағдысын қалыптастыру керек.
      
 Өзін -өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту
Ақпаратпен жұмыс

Жинақтау                                                                            Өңдеу

Мазмұн құрылымын алу Жалпылау Негіздеу
·         Негізгі түсінікті даралау

·         Анықтама беру

·         Классиффикацияны жүзеге асыру

·        Логикалық құрылымға жету

Алынған нәтиже
·         Алынған мазмұнды қысқаша жеткізе білу
 
·   Ақпаратты көрнекті  бейнелі көрсету
·   Нәтижеге жетпей тұрған тізбек буынын жалғастыра білу
·   Моделдеу
·   Жобалау
·   Гипотеза ұсыну
·   Қорытынды шығару
·  Қабылданған ақпаратты жаңа білім алудың құралы ретінде пайдалана білу

Кестеден көрініп тұрғандай, оқушылардың белсенді іс-әрекетін арттырудың негізгі құралы, өздігінен жұмыс істеудің әртүрлі формалары болып табылады. Дифференциалды әр деңгейлі тапсырмалар мұғаліммен оқушының бірігіп жұмыс жасауына әкеледі, оқыту тәсілдерін, формаларын, құралдары және оқыту уақытын  да таңдау құқығы болады.
Өздігінен  әрекет ету мәселесі сонау Сократтан бастау алады. Сократтың пайымдауы бойынша,  адамның ойлау қабілетінің дамуы тек өздігінен             іс- әрекет жасау процессі кезеңінде ғана табысты жүреді.
Бұл жөнінде Я.А. Коменскийдің  «Дидактиканың алтын ережесі» еңбегінде де айтылады.
«Өзін-өзі жетілдіру, дамыту, өзінің ойын жүзеге асыруға» қол жеткізу үшін терең, берік ғылыми ізденістің іргетасы қалануы керек.
Өзін — өзі ұйымдастыру жүйесі ретінде, тек адамның ғана  табиғи құрылымының заңдылығы берік және тұрақты. Адам өзін — өзі сезінгенде ғана қоршаған әлемді сезіну және түсіну үшін, адамзаттың жасаған көп тәсілдерімен, әдістерін қолдана алады. Адамның табиғатпен байланысының негізгі формасы және ішкі жан дүниесінің қажеттілігі болып өздігінен іс әрекеттенуі болып табылады. Қабылдау, есте сақтау, түсіну, пайымдай алу, елестету  біздің әр уақыттағы ішкі жан дүниеміздің әрекеті арқылы жасалады, мұның бәрі зерделеу іс-әрекетін дамытуда  маңызды рол атқарады.
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және түрлі анықтамалық кітаптармен, газет журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми  көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өздігінен ізденіп оқуын ұйымдастыруда негізгі оқуын ұйымдастыруда негізгі екі міндетті ескеру керек:
1.Оқушылардың танымдық қызметіндегі  дербестікті дамыту және одан әрі өрістету, білімді өздігінен игеруге баулу;

  1. Оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Математика пәнінің өзіндік ерекшелігі оның ұғымдарының бір-біріне тығыз байланыстылығында. Осы байланысты әр тақырыпты өткенде оқушыларды өзіндік  ізденіске ұйымдастыру үшін, олардың ойын дамытып, қорытындылар жасауға үйрету үшін пайдалану керек. Оқушылардың тақырып бойынша белгілі бір қоры болмай жаңа материалды үйрету, олардың шығармашылық қабілеттерін  шыңдау мүмкін емес.
Л.С.Выготский: «Ешкімді ештеңеге үйрету мүмкін емес – ең соңында  әр оқушы өзі оқиды» — деген. Ал оқушының өзін — өзі  іске асыру  қабілетін дамыту үшін, ақпаратты іздеу, қабылдау, өңдеуді үйретуге байланысты, яғни өздігінен білім алу ортасын құру. Бұдан біз көп деңгейлі үздіксіз сапалы білім беру жүйесін құруға келеміз.
Қазіргі заман талабы, әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне өзі игеріп, ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды.
Біздіңше, мектеп шәкіртінін өз жауаптылығын өзі түсініп, өз міндетін өзі атқаратындай, яғни, ол үшін өз бетінше еңбек етіп білім алатын, бұрынғы білімін бір жүйеге түсіріп, жаңасымен толықтырып есіне сақтайтындай жүйеге көшірмесек, білім саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Ертедегі ойшыл – философтар айтқандай, ұстаздар алдындағы әрбір   шәкіртін білімді құя беретін сауыт деп қарамай, әр сабағында оқушыны тұтанып тұратын білімнің шырағы деп санаса ғана оқытудың ең басты ерекшелігін дұрыс түсініп, жауаптылығын толық сезер едік. Мұғалім шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның оқуға ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Халық даналығына сүйене айтсақ, «балаға шайнап берген ас болмайды». Олай деуге негіз бар, себебі бүгінгі ұстаздар көбіне жаңа тақырыпты бастан – аяқ өзі талдап, өзі түсіндіріп, соған сай жаттығулар мен есептер орындауда шәкірттің өзі ізденіп шешімін табуына кедергі келтіріп, оқушыларды білімдік ақпаратты салып қоятын «қоржынға» айналдырып жүр. Ал егер оқыту жүйесінде оқушының өз бетінше игеретін жаңа тақырыбы, не оның бір бөліктері болса, жаттығулар мен есептерді өздері ізденіп шешетіндей дағды қалыптаса, әрі білгенін өз сөзімен жүйелі түрде көпшілікке айта алатындай жолға салса онда ұстаз шәкіртті  «шырақтай жандырып», әрі қарай «лаулайтын жалынға» айналдыруға бет бұрады. Оқушының өзі игеретін өзі оқып үйренетін материалдар көбейген сайын мұғалімнің міндеті мүлдем өзгеріп, шәкіртімен терезесі тең әңме – дүкен құратын, олардың білгендерін тыңдап саралауға көмектесетін, қиын тұстарында ақыл – кеңес беріп жол сілтейтін жетекшіге айналар еді. Міне, осындай «серіктесе қызметестік педагогикасының» ұстанымы бойынша оқу үрдесін іске асырған жағдайда, шәкірттің дамуы бірден – бір толастамай, білімді игеру деңгейі ең төменгі міндетті, яғни стандартты деңгейден жоғарылау өнімді (продуктивті) деңгейге көтеріле бастар еді. Ең бастысы, әрбір оқушының өзінін қалауынша, шама – шарқынша еш тежеусіз өз білімдерін үзіліссіз тереңдете беруге толық мүмкіндік туар  еді.
Қазіргі күнде әр ұстаз алдында үнемі ізденіс үстінде жүретін оқу үрдісіне өз  ойларын толық айтып жеткізіп,  алған  білімдерін өмірде қолдана білетін,  кез-келген жағдайда пайдалана отырып, стандарттық емес жағдайларда өз бетімен шешім қабылдай алатын шәкірттер дайындау  міндеті тұр.

  1. ҚР Президентінің Жолдауы.
  2. Математика Қазақстан мектебінде. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Алматы, №2.2006ж
  3. Н. Н. Нұрахметов. Шоғырландырып қарқынды оқыту. Алматы, 2003ж
  4. Математика және Физика. Ғылыми әдістемелік журнал. Алматы, №4, 2005ж.

8 комментариве к “Математика сабақтарында өздігінен білім алу ортасын құру – үздіксіз білім беруді іске асыру идеясының бірден – бір шарты

  1. Асемгуль

    Статья өте жақсы жазылған. Мұғалімге пайдалы мәліметтер өте көп. Тәжірибеме пайдасы бар. рахмет сізге!!!

  2. Дана

    Статья авторы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау ортасын дұрыс құруды нақты жеткізгізген

  3. Гульдана

    “Математика сабақтарында өздігінен білім алу ортасын құру – үздіксіз білім беруді іске асыру идеясының бірден – бір шарты” такырыбында жазылган макаласы маган оте катты унады. Ен бастысы такырыптын мазмуны ашылган, жане де бари тусиникти унаганы кесте туринде берилгени.
    Математика мұғалімдеріне пайдасы мол болады деп есептеймiн.

  4. Шынар

    Осы мақалада мұғалім оқушылардың білімді өздігінен игеруіне, алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету басты мақсаты деп айтылған. …өздігінен білім алу ортасын құру-үздіксіз білім беруді іске асыру идеясын… -жақсы ашқан.

  5. Гульжайнат Айтпишева

    М.М.Айткенованын «Математикалык сабактарында экономикалык сауаттылык мазмунды есептерди пайдалану-окушылардын математикалык функционалдык сауаттылыгын дамыту жолдарынын бири» атта жумысы казирги заманауи басекеге кабилетти урпак тарбиелеп окытуга арнаиы багытталган жумыс оте кажет адистемелик курал болып табылады. Авторга коп рахмет, осындай озекти маселелелерди шешетин жумыстар кобирек болса деймин.

  6. Гульжайнат Айтпишева

    М.М.Айткенованын математикалык сабактарындагы экономикалык сауаттылыкты дамыту жумысы казирги заманга сай басекеге кабилетти окушыны окытуга багытталган керекти адистемелик курал деп есептеимин.Авторга коп рахмет.

  7. Динара Каренкина

    Мақала керемет жазылған. Берер пайдасы мол осындай мақалалар көптеп жазыла берсін. Авторға алдағы уақытта тек шығармашылық табыс тілеймін!

  8. Жумадилова Ақмарал

    Оқытудағы өзін-өзі оқыту қазіргі таңдағы актуалды тақырыптардың бірі. Өте сауатты жазылған. Өзекті тақырыпты жақсы аша білдіңіз. Жұмысыңыз жемісті болсын!