Сайт Өрлеу

Астана: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсы

Астана: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсы

Астана: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсы

2017 жылдың 10 мамыры мен 02 маусым аралығында білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс тренері МКДППҚ кафедрасының аға оқытушысы Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы.

Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны мен Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары, оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы, басымдықтары, жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктерімен танысты.

Сонымен қатар, тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығы, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы белсенді оқылым әдіс-тәсілдері, оқушы жұмысының сапасын жетілдіруге арналған жаттығуларды әзірлеу, графикалық органайзерлермен жұмыс жасау және т.б. көптеген жұмыстарымен тәжірибе алмасып, ақпарат алды. Критериалды бағалау және оны қолданысқа енгізу, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар дайындауды үйренді. Тыңдаушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ кітапханасымен танысып, ондағы кітап қоры туралы мәлімет алды.

Курстың екінші аптасын қорытындылау мақсатында екі топ арасында «Капустник» өткізілді, жаңартылған ұстаз бен дәстүрлі ұстаздың айырмашылықтарын өз қойылымдарында сәтті көрсете алды.

Курс соңында жаңа үлгіде қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындап, өз жұмыстарын қорғады. Қысқа мерзімді жоспар дайындау барысында мұғалім оқушының жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеру керек екенін және саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аудару қажет екенін ұғынды.