Бұл – білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және тарату мақсатынан туындаған бүгінгі таңда аса маңызды мемлекеттік іс болып табылады.
Педагог қызметкерлердің өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, республика педагогтары қауымдастығының мәдени-кәсіби құндылықтарын бекіту және дамытуға жағдай жасау, педагогикалық бастамаларды қолдау, позитивті білім беру практикаларын анықтау және тарату, инновациялық идеялар мен тәжірибелерін жинақтау мақсатындағы әрекеттерін интеграциялау, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, өзінің тәжірибесін жинақтау арқылы педагог қызметкерлердің рефлексивтік әрекеттерін дамыту міндеттерін шешу арқылы білім беру саласын әлемдік деңгейге көтерудің бір жолы болмақ.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚБА институты мен Білім басқармасы әдістемелік кабинетімен бірігіп ұйымдастырылған Республикалық II Педагогикалық оқуларына қатысуға педагогтердің тілектері зор болды. Балабақшалар, мектептер, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми-әдістемелік, мазмұндық, технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту», «Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде», «Білім беру үдерісін технологияландыру орта білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде», «Мәңгілік Ел» ұлттық идеялары аясында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру», «Азаматтық белсенділік, елжандылық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру қосымша білім беру жағдайындағы тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру негізі ретінде», «Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру», «Білім мен ғылымның интеграциясы арқылы жоғары педагогикалық білім беру үдерісін жүйелі жаңғырту», «Педагогикалық менеджмент басқару қызметінің мәдениетін дамыту факторы ретінде» тақырыптары бойынша инновациялық жоба, авторлық бағдарлама, білім беру ұйымын дамыту бағдарламасы форматында үздік жұмыстарын ұсынды.
Барлық білім беру ұйымдарында іштей кезең ұйымдастырылып, қалалық деңгейге 118 жұмыс жолдама алды. Бекітілген Ережеге сәйкес талап үдесінен шыққан бұл материалдарға сараптама жасау үшін тәуелсіз кеңес құрылды. Сараптама кеңесіне Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы КазАТУ, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының мамандары мен ғалымдары шақырылды.
Павлодар қаласында өтетін ІІ Республикалық Педагогикалық оқуларға қатысатын озық жұмыстарды анықтап, оларға жолдама берумен қатар, әдістемелік көмек көрсету, ақыл-кеңес беру де осы мамандарға жүктеледі.
«Балапанды күзде санайды» демекші, 15 сәуірде мектепке дейінгі мекемелердің, 18-19 сәуірде бастауыш, орта білім, қосымша білім беру және менеджмент бағыты бойынша №75балабақшада, №4 мектеп-гимназияда қалалық кезеңнің жеңімпаздары анықталады.