Сайт Өрлеу

Үш тілде білім беру: идеядан тәжірибеге

А.А.Теркешова,
№81 Т.Тәжібаев
атындағы жалпы орта мектебі
директордың оқу-әдістемелік
жөніндегі орынбасары
Шымкент қаласы
aizhan_berdimurat@mail.ru

Kazakh is becoming important for everyone because we live in real live and we should know what is going on around us in the world. Kazakh is the official language of the country, but it is not be only language which people speak in the country. Russian and other languageswhich people speak in the country. Russian and other languages are spoken here too. English is the most widely used language in international business science and foreign affairs.
Казахстанский народ должен быть представлен на мировой арене как высокообразованное общество, свободно владеющее тремя языками: казахским, русским и английским. Казахский язык по праву является государственным языком, русский язык используется для межнационального общения. С помощью английского языка Казахстан уверенно войдет в мировую экономику.
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен  жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Осы жолдауды жүзеге асыру білімдар халықтың негізгі міндеті болып саналады.
Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқалармен салыстыру арқылы ғана әлем суретін әр алуан  түрлі және әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.
Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр. Білім беру бәсекеге қабілетті ,жоғары сапалы болуының нәтижесінде қазақстандық мектептердің түлектері өз білімін шетелдік ЖОО-да жалғастыра алатындай болуы қажет. Сондықтан білім берудің маңызды стратегиялық міндеті, бір жағынан ,үздік қазақстандық білім дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мектеп бітірушілердің халықаралық біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру, ең негізгісі-мемлекеттік ,ана және шетел тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады.Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені, білім әр адамға өмір бойы қажет екенін күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр.
«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» дегендей, әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс еңгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педогог қалыптастыра алады. Өйткені, жақсы мұғалім ғана жақсы оқушыларды тәрбиелей алады.
Бүгінгі күні білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шыңдық. Білім сапасы – мұғалімдер жұмысының көрсеткіші және мұның бәрі пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарыстарынан көрініс табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтын: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» — деген сөзі ойға оралады. Бұл өткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл өтсе де бағыт – бағдар болып тұр.
Міне, осындай идеяларды жүзеге асыру мақсатында мектептерде тәжірибе ретінде бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылып отыр.
Үш тілде  оқытудың  негізгі  әдісі  – коммуникативтік тәсіл. Ол мыналарды білдіреді:
біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан  бірінші сыныпта, ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді; оқылым мен жазылым дағдыларын ана тілінде немесе оқу тілінде (мектептің оқу тілі) дамыту арқылы жүзеге асырылады;
екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш»,  «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де  дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана  бала оқу мен жазуды үйренеді. Мектепте ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр.
Ана тілінен өзге тілдерді оқытқанда ана тілін (немесе бірінші тілді) қолдану орынды, бұл коммуникативтік тәсілдеменің ережелерін бұзбайды: егер ана тілінде 5 минут ішінде ережені түсіндіруге болатын болса, онда шет тілінде оны түсіндіруге  сабақтың барлық уақытын  зая жіберудің қажеті жоқ.
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді  сауатты құру, мезгіл шақтарын  дұрыс қолдану, әр түрлі сөйлемдердің құру түрлерін білу),  коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.
Коммуникативтік құзыреттілік тілді әр түрлі мақсат пен функцияда қолдануды,  әр түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну, шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы  болғанның өзінде әңгімеге араласуды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік тәсілде, ең біріншіден, тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету,  өзгертіп айту дағдысын дамыту параметрлеріне назар аударылады.
Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: қоғамдағы тәртіп үлгісі, сол елдің мәдениеті мен мәдениет нормалары туралы білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында  сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Мақсатты үш тілді оқытуда қолданылатын келесі әдістемелік тәсіл – мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілде тілдерді оқытуда тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа  қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді.  Мұндай тәсіл бірнеше міндеттерді шешуге  мүмкіндік береді:

  • туған жері, оның ерекшелігі, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінік қалыптастыру. Бұл білім алушының когнитивті тәжірибесін  кеңейтуге және құндылық жүйесінің бағдарын, оның ішінде өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілік, ұлттық мәдениетке, тілге  құрметпен  қарауын қалыптастыру үшін қажет;
  • өз жерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы алынған ақпаратты тарату үшін жағдай жасау;
  • мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету.

Осы тәсілдердің негізінде  үш тілде оқыту  келесі қағидаттардан құрылады:

  • тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет   аралық қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған  ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;
  • білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің теңгерілімділік қағидаты, біріншіден, нақты аймақтың әлеуметтік лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді. Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;
  • «білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл  білім беру үрдерісінде әрі оқыту құралы,  әрі  оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді.

«Ағылшын тілі» (1-11-сыныптарда) оқытылады;
Тіл оқыту құралы ретінде  жоғары сыныптарда «Жаратылыстану», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.
Осы идеяны тәжірибе ретінде қолдану мақсатында біздің №81 Т.Тәжібаев атындағы  жалпы орта мектебінде информатика, физика, химия, биология пәні мұғалімдері педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда ағылшын тілі курстарына барып оқып жатыр.
Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін 2018 жылы мониторинг өткізу жоспарлануда. Осыған дайын мектептер 2019 жылдан бастап белгіленген пәндерді ағылшын тілінде беруге құқығы бар.
Сонымен бірге, білім алушылар мен ата-аналар өз қалауларын білдірген жағдайда ғана, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады.  Мұны қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды.
Барлық көрсетілген ұстанымдар Қазақстанда тілдердің үштұғырлылығы идеясын енгізудің алғышарты болып, келесі формуламен айқындалды: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Тәуелсіз ел болған соң елбасымыздың жолдауындағы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында әлемнің барша жұртымен қарым-қатынас жасай бастадық. Енді біз тек орыс тілін ғана емес,қытай,түрік,ағылшын,француз және басқа ұлттардың тілін біліп, олармен қатынас жауға тиістіміз. Алайда, әлемде ең басты тіл-ағылшын тілі екені дау туғызбайтын ақиқат.Ағылшын тілін білсеңіз, бүкіл елдерді аралауға мүмкіншілігіңіз артады.
Тілдік пәндерді біріктіру арқылы полилингвалды тұлғаны қалыптастыру заман талабы болғандықтан ,ұлағатты ұстаз өз білімін ,шеберлігін ортаға салып, оқушылар санасына сіңіру керек.
Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз- ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз.Оған қоса ағылшынша білсең, әлемдегі ең үздік,ең беделді жоғарғы оқу орндарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті оқуыңды тәмамдаған соң біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуін үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы ,ағылшын тілін білу-бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан мектеп» журналы
  2. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Әдістемелік нұсқаулық хат.
  3. «Қазақстан-Zaman» газеті ; 15 қазан 2015 жыл.
  4. «Қоғам және мұғалім» 2011жыл,№5