Сайт Өрлеу

Мектепке дейінгі жастан бастап үш тілді үйретудің тиімділігі

Л.А.Култаева
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ
Kultaeva-L@gmail.ru

Аңдатпа
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларға үш тілді үйретудің тиімділіг туралы айтылады.
Тірексөздер:
Аннотация
В статье рассматирваются вопросы значения обучения трехзязычию детей дошкольного возраста.
Ключевые слова: трехязычие, одаренных
 
Annotaition
The article is about teaching three languages to kindergarten children in a trilingual context/
Keywords: the trilingual, odarenny
     «…Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.»
 
Жиырма алтыншы бағыт – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және
үштұғырлы тіл саясаты
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауы
 
Мектепке дайындық мәселесі  Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың  қазақстан халқына жолдауы  тұрғысынан  айрықша мәнге ие болды.
Негізгі мақсаты- ұлттық құндылықтарды  әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті өзіндік жеке көзқарасы  қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.Педагог технологиялық  әдістерді қолдана  отырып, балаға  сапалы да саналы білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін  жетілдіре отырып  еркін сөйлей білуге жеткізу. Педагог өз шеберлігімен баланы жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар баланың дарындылығын дамытып, шыңдау  жолдарының бірі болып  табылады.Бала басқа адамның ойымен де есептесу  қажет екенін түсінеді.
Балаларды мектепке дейінгі даярлаудың негізгі бағыты олардың жеке мәдениетін дамытуға, мектепте оқу үшін қажетті дағдыларын қалыптастыруға, қазақ тілі және басқа тілдерді оқытуға, балаларды интеллектуалдық және эмоциалдық тұрғыдан дамытуға, олардың физикалық, психикалық денсаулығын нығайтуға жағдай жасау болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілер білім мен дағдыға ие болып қана қоймай, олар өз беттерінше ақпараттарды таба білуі, талдай білуі, құрастыра және тиімді қолдана білулері қажет. Қазіргі қоғам процесіне нарықтық экономиканың енуі жан-жақты дамыған еңбекқор, шығармашыл, жоғары білімді және интелектуалды адамдарды қалыптастыру нәтижесінде білім мақсатының бағытын ауыстырады. Мектепке дейінгі білім үздіксіз білім жүйесінің бастапқы звеносы бола отырып, қазіргі таңда жан-жақты даму үстінде. Бүгінде оқыту технологиялары жаңартылды.
Адам құқығы Декларациясына сәйкес «Білім туралы» заңы, бала құқықтары  туралы конвенциясы, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғалы бері қазіргі мектепке дейінгі мекемелер оның гуманизациясы және демократизацияның негізінде дамиды, сол арқылы тәуелсіз мемлекетте шығармашылық жағынан дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін реалды жағдайлар жасалуда.Баланың мектепте жақсы оқуы тікелей оның мектепке дейінгі алған білімі  мен тәрбиесіне байланысты.
Жалпы білім беру жүйесінің  алғашқы  сатысы болып есептелетін  мектепке дейінгі ұйымдарда  және отбасында  баланы мектепке дайындау  бүгінгі  таңда  кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңдағы негізге мақсат- «ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу». Бұл бағыттағы жұмыстарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің алар орны ерекше. Үштілді бала кем дегенде үш елдің мәдениетін қабылдайды, ал бұл басқа да мәдениеттерді қабылдау үшін негіз болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз саладан. Атап айтқанда әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да басқа жұмыс түрлері баланы жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ойын түрлерін пайдалану баланың деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Әрине ағылшын тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса алмайды. Өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Тілді ерте оқытудағы негізгі мақсат — қажетті бейнелеуді жаңғырту, оқытудың мазмұны және құрылымы, аса қажетті білім ауқымын тиімді белгілеу, практикалық шеберлік және дағдыландыру, мектепалды дамыту жүйесін қалыптастыру, ұлттық және басқа мәдениетті өмірмен байланыстыру.
Тілді оқытуда оның мазмұнына, ғылым-білім жүйесіне, жеке интеллектуалды потенциалдың дамуына, мектепалды ұнамды-эстетикалық әдіс-тәсіліне, ұлттық тәрбиеге, мәдени дәстүрге қарау керек.
Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Әсіресе үш тілге үйрету күрделі жұмыс. Бала сәби кезінен-ақ қоршаған заттардың қалай аталатындығын білуге құштар келеді. Олар өздері қолданатын, ойнайтын заттар турасында әңгімелеседі. Бұл олардың тілін дамытуға көмектеседі және  тұтастай білім алуда негізгі элемент болып табылады.
Отандық және шетелдік психологияда бала ересек адамға қарағанда шетел тілін жақсы меңгере алады деген мәліметтер бар. Осындай кезеңнің ұзақтығы 1,5 — 7 жас аралығында. Баланың миы шет тілін үйренуге бейім келеді.Көптеген зерттеушілердің ойынша, балаға шет тілін үйретуді 3 пен 10 жас аралығында жүргізу қажет.
Ғалымдардың пікірінше мектеп жасына дейінгі балаларға сензеттивтік кезенде тілді қимыл әрекетімен үйлестіріп үйрету тиімді.  Мектеп жасына дейінгі көрген – білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру.
Үш тілге үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, әдіс-тәсілдерді таңдап, ұйымдастарылған оқу іс-әрекетін өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қолдану керек. Ал бүгінгі ХХІ ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл.
Ойын дегеніміз не? Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Мұғалім тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Тапқырлыққа баулу үшін ойын технологиясын пайдалану қажет. Осы тұрғыдан келгенде, ойын  технологияның өзіне тән ерекшеліктерін атап айтуға болады: оқытудың мақсатының, соған сәйкес нәтижесінің айқындылығы, өзіне тән құрылымы, бостандығы, осы құрылымға орай оқу материалдары бөліктерге бөлініп берілетіндегі, оқытушы кеңесші, бағыттаушы қызмет атқаратындығы, мұғалім мен білім алушының арасында субъект-субъектілік қарым-қатынастың болатындығы, білім алушыларға өз бетімен толықтыруға толық мүмкіндік жасалатындығы. Ойын технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы — баланың шығармашылығын дамытуға, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуында.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.
Әдебиеттер:

  1. ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты
  2. Кел, балалар, ойныйық. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі. Тіл комитеті. Алматы «Арда» 2006.-Б.23-25
  3. «Изучаем английский язык» Учебное пособие «Алматыкітап» руководитель изд.проекта Э.Баталова