Өрлеу сайты

Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасы

Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының профессор- оқытушылар құрамының қызметі педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған.

Кафедра мақсаты— қазіргі заманғы білім беру үрдісіне сәйкес педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің дамуына және біліктілігін арттыруға бағытталған. Кафедраның  қызметі курстық және курсаралық іс — шараларды ұйымдастыруы мен өткізуі оқыту, оқыту — әдістемелік, ұйымдастыру – әдістемелік, ғылыми — әдістемелік, және басылым бағыттарында жүйеленген.

Кафедра міндеттері :

  1. Математика, физика, информатика, химия, биология, география, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру.
  2. Курстық іс-шаралардың: дәріс, тәжірибе сабақтары, тренингтер, семинарлар, пікір сайыстар және жобалық жұмыстардың ғылыми- әдістемелік деңгейін көтеру.
  3. Білім мазмұнының жаңаруы шарттарында жаратылыстану-ғылыми(гуманитарлық) бағыттағы пән мұғалімдерін, мектепке дейінгі ұйымдар, инклюзивті ұйымдар, қосымша білім беру ұйымдары және алғашқы әскери дайындық пәні педагогтерінің біліктілікті арттыру курстарының жоғары ғылыми- әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында профессор-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
  4. Жаратылыстану — ғылыми пәндер педагогтерінің кәсіби біліктілігін үш тілде оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолдана отырып дамыту.
  5. Кафедра профессор- оқытушылар құрамының біліктілікті арттырудағы инновациялық тәжірибесін жинақтау және тарату.
  6. Астана қаласы білім беру ұйымдарының педагогтеріне курстық және курсаралық іс- шараларды ұйымдастыруда және өткізуде Білім басқармасының оқу- әдістемелік бөлімімен ынтымақтасу.
  7. Педагогтердің біліктілігін арттыру саласында халықаралық, республикалық және қалалық білім беру ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

 

Кафедра құрамы:

 

Боранбаева Ляйля Каирбековна – аға оқытушы.

Астана қаласы Білім басқармасының, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Білім сапасын бағалау ұлтық орталығының алғыс хаттарының иегері

e-mail:boranbayeva.l@orleu-edu.kz

Жұмыс телефоны: 8(717)2 497723

Тусупова Гульмайра Умирбековна— аға оқытушы.

«Нұр Отан» ХДП, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімшілігінің, Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарының иегері

e-mail:tusupova.g@orleu-edu.kz

Жұмыс телефоны: 8(717)2 497723

 

Амрина Айгерим Энуарбековна, Лаборант