Өрлеу сайты

«Педагогикалық идеялар панорамасы» — 2020

«Педагогикалық идеялар панорамасы» — 2020

«Педагогикалық идеялар панорамасы» — 2020

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2020 жылдың наурызы мен қазан аралығында мектепке дейінгі білім беру, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайын өтетін Республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізу бойынша дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Конкурсты өткізу бойынша жұмыс отырысында институт директоры Л.А. Саинова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының қалалық кезеңі барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері түсіндіру жұмыстарымен қатар, шебер-сыныптар өткізіп педагогтер қауымына бейне-материалдарды бағалау критерийлері туралы ақпарат беру және байқауға қатысу үшін бейне-сабақтарды әзірлеу бойынша әдістемелік көмек көрсетуде ауқымды жұмыстар атқарылу керектігіне тоқталды. Атап айтқанда, бейне-сабақты дайындауда материалдың тәжірибеге бағдарланған сипатын, сабақта оқушылардың белсенді өзіндік қызметін және ішкі мотивациясын көрсету, озық білім беру технологиялары, цифрлық технологиялардың соңғы жетістіктері және АКТ-құралдарын қолданудың маңыздылығы нақты талаптар қатарында болды. Сондай-ақ, сабақтарды бейнежазбаға түсіргенде сюжеттік желі құрылысының  логикасына, бейне-материалдардың динамикасына, визуалді желі сапасына және дыбысына көңіл бөлу керектігі де қатысушыларға үнемі ескертілуі тиіс екендігін нақтылады.

 

 

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code