Өрлеу сайты

Мемлекет тілін оқыту бір бақыт!

Мемлекет тілін оқыту бір бақыт!

Мемлекет тілін оқыту бір бақыт!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ, N50 МЛ-де Баянғали Ғалымжанұлының жетекшілігімен 2020 жылдың 24 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша елордалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы басталды.

Бағдарлама білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамытуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мәселелері бойынша теориялық даярлықты қамтамасыз ету; мектептегі тілді оқыту жұмысынының негізгі міндеттерін, қағидалары мен бағыттарын зерделеу;
пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибелік дағдыларын дамыту; оқыту жұмысында шығармашылық қабілеттерді, рухани-адамгершілік, отаншылдық және көшбасшылық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін белсенді тәсілдер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру;