Өрлеу сайты

«Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу»

«Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу»

«Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу»

2020 Жылдың  24 ақпаннан бастап 6 наурызға дейін «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Нұр-Сұлтан қаласы ПҚ БАИ» курс басталды. Курс мақсаты мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, күш көрсетуді болдырмау, мектептегі зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу шараларын қолдануда  психологиялық қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру арқылы мектеп педагог-психологтерінің, әлеуметтік педагогтерінің  кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Сонымен қатар курс қатысушыларға мектептерде жаңа тәрбиелік процесті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен әлемдік мектеп тәжірибесі жетістіктерімен таныстыруды көздейді. Курс барысында ғылыми жетістіктер және тәжірибелерін кіріктірумен байланысты білім беру мазмұнын жетілдіріледі. Курс сабақтары тренинг, семинар және практикум түрінде жүргізіледі. Тұлғаның әлеуметтенуінде ақпарат пен білімді өз бетінше алу мен интербелсенді және тәрбиеге бағытталынған дағдыларын, тәуекелдік тәрбиенің жауапкершілікке айналдыру арқылы  шешімді өз бетінше қабылдау дағдыларын қалыптастыруда курстың лекторы және тренері, психологиялық ғылымдарының кандидаты М.Н.Құнанбаева өткізеді.

Бұл курстың негізінде тұрған тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендірудің белсенді стратегияларын қолдану, тәрбие процесіндегі психологиялық қолдау, қауіпсіз білім беру ортасын құру, мектептегі зорлық-зомбылықты және өз-өзіне қол жұмсауды алдын алу, анықтау және болдырмау мәселелермен танысу және сол мәселелерді шешу жолдарын табу болды. Курсқа қатысушылары мектептің педагог-психолотер, әлеуметтік педагогтер және «Өз-өзін тану» педагогтары құрды. Өз құзыретіліктерін жетілдіру мен қатар білім беру ұйымдарында туындайтын қиыншылықтарды шешу,  тәжерибелермен алмасу және кәзіргі таңда елордалық мектептерде психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және жақсарту мәселелерән шешу болды. Курсқа келген жас мамандар көптеген сұрактар қойып, өз пікірлерін ашығынан талқылып, сабаққа белсенді қатысуымен  сабақтар өтуде.

.